«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестиваль аясында Түркістан қаласында өтетін Жетісай ауданының мәдениет күндері басталды.
Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков пен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен Жетісай көшінің шымылдығы «Этноауыл» аумағында аудан суретшілері мен қолөнер шеберлерінің, отандық ақын-жазушылардың туындылары мен шетелдік қаламгерлердің аудармаларынан кітап көрмесі және ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесімен ашылды. Шара барысында ауданның қылқалам және қолөнер шеберлерін қатыстыра отырып, сурет салу, қолөнер бұйымдарын дайындау жұмыстары көпшілік назарына ұсынылып, қала тұрғындары мен Үндістан мен Түркия, Австралия мен Польша, Корея, АҚШ елдерінен келген қонақтардың оң бағасын алды. Сонымен қатар «Салт – дәстүрім салтанатым» атты ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа байланысты көріністер сахналанды. Ұлттық спорт түрлерінен арнайы сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар қаржылай және заттай бағалы сыйлықтарға ие болды.
Сан ғасырлардан бері сақталып, ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп беріліп келе жатқан ұлттық мәдениет пен өнерімізді дәріптеу, өлкенің туристік әлеуетін дамытуды мақсат еткен фестиваль аясында өтіп жатқан Жетісай ауданының мәдениет күндері екі күнге жалғасады. Ертең, яғни, 24 тамыз күні «Этноауыл» аймағында сағат 10:00-де «Байтақ елім, Қазақстан!» атты Жетісай ауданы шығармашылық өнер мектептерінің концерттік бағдарламасы өтсе, 12:00-де «Асықата» халық театрының «Салт-дәстүр – салтымыздың салтанаты» атты көрініс қойылады. Ал, сағат 19:00-де «Керуен сарай» аумағында «Түркістаным – Тұраным, Жетісайым – Жұмағым» атты аудан өнерпаздарының гала-концертімен қорытындыланатын болады.
Жетісай ауданы прокуратурасының үйлестіруімен аудан әкімдігі жанындағы жұмысшы топтың кезекті жиыны өтті. Жиынға аудан прокурорының орынбасары Ырысбек Ерназаров пен аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Сакен Жайлыбаев пен аудандық «Нұғман» орталық […]
Түркістан облысы Жетісай ауданы Қазыбек би ауыл округінде «Баспанаға жол» акциясы аясында 12 отбасылық 6 баспананың іргетасы қалануда деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Енді бірер айда 12 көпбалалы […]
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері қатысты. Аудан аумағындағы заңсыз адам тасымалымен айналысатын автобекеттер мен жеке такси жүргізушілерінің жұмысын тоқтату, […]
Пікір қалдыру