Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Аудан аумағындағы заңсыз адам тасымалымен айналысатын автобекеттер мен жеке такси жүргізушілерінің жұмысын тоқтату, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің егістік алқаптарының құжаттарын (Қаулы, мемлекеттік актілерін Мақтаарал ауданынан Жетісай ауданы деп өзгерту) заңдастыру бойынша және елді мекендердегі санитарлық тазалық жұмыстарын сақтауда орын алып отырған кемшіліктерді жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысы күн тәртібінде негізгі мәселе ретінде талқыланса, бюджеттік және жекеменшік мекемелердің жылыту маусымына дайындық пен тазалық жұмыстарын жүргізудің барысы, қаладағы заңсыз құрылыстарды жою, «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру мен мақта терім науқанына дайындықтың барысы туралы мәселелер қосымша мәселелер ретінде қаралды.
Қаралған әрбір мәселе бойынша жауапты сала басшылары атқарылған жұмыстарының есебін беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Ұсыныс-пікірлер талқыланды. Анықталған кемшіліктер мен орын алған олқылықтарды жою бойынша аудан басшысы нақты тапсырмалар беріп, нәтижесін бақылауды аппарат басшысына тапсырды.
Жетісай ауданының әкімі Серік Ұсенұлы Мамытовтың төрағалығымен аппарат мәжілісі болып өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері, бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты. Мәжілістің күн тәртібінде негізгі мәселелер ретінде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму […]
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов аудан әкімдері және басқарма басшыларымен қашықтықтан мәжіліс өткізді — «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Жиында карантиндік режимнің сақталуы және жұмыспен қамту жайы қаралып, шаһар аумағындағы ірі 4 көтерме базар мен блок […]
Жетісай ауданында автомобиль жолдары талапқа сай жаңартылып, елді мекендер мен ауданаралық жолдарды қалпына келтіру, тас төсеп, асфальттау, тозығы жеткен немесе жаңадан салынған көшелерде тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасау бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Биылғы жылы Ұлттық […]
Пікір қалдыру