Түркістанда «SARAP» эксперттер клубының аймақтық жиыны өтті. Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Іс-шараға Түркістан облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, атом энергиясы мен экология саласының кәсіби мамандары, жастар және азаматтық қоғам, партия өкілдері қатысты. Жиында Жолдауда айтылған мемлекеттік шешімдер қабылдаудағы азаматтардың белсенділігі және жаңа қоғамдық-саяси мәдениет, экологиялық тәуекел мен қауіпсіздік, атом электр стансасын салу туралы жалпыұлттық референдум жайын талқылап, өзара пікір алмасты. Кездесуге қатысқан көпшілік АЭС салу тақырыбына ерекше назар аударды. Шараға арнайы келген ҚР ЭМ Ядролық физика институтының Бас инженерінің орынбасары Асхат Бекбаев аталған станцияның салынуы — ел ертеңі үшін аса маңызды қадам екенін айтып, референдумға үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан: Өмірзақ Шөкеев су басқан Жаңатұрмыс ауылының тұрғындарымен кездесті
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданындағы су астында қалған ауылдардың халқымен кездесіп, оларға мемлекеттік комиссия шешімін жеткізді. Уақытша ашылған орталықтарда азаматтардың тұрмыстық жағдайларымен танысып, мұң-мұқтажын тыңдады. Сарыағаш ауданының әкімдігіне бекітілген Игілік ауылындағы орта мектептегі […]
ТО: ЖЕТІСАЙДА ПОЛИЦИЯ МАЙТАЛМАНЫНЫҢ ЕСІМІНЕ БЕРІЛГЕН СЫНЫП АШЫЛДЫ
Биыл Қазақстан полициясының құрылғанына 32 жыл толып тұр. Осы ретте Жетісай қаласындағы «М.Горький» атындағы №1 мектеп-гимназиясында ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында бейбіт тұрғындардың тыныштығын күзетуде ерен еңбек етіп, Ішкі Істер органдарында қызмет атқару кезінде қаза тапқан […]
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АҚШ ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН ЖАҢБЫРЛАТЫП СУАРУ ТӘСІЛІ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛДІ
Түркістан қаласының маңында диқандар егістікті АҚШ-тан әкелінген арнайы техника арқылы жаңбырлатып суара бастады. Мамандардың айтуынша, бұл – өте тиімді тәсіл. Осы бастама арқылы өнім түсімі екі-төрт есеге дейін артады деп жоспарланып отыр. 2018 жылы Елбасы […]
Пікір қалдыру