Түркістанда «SARAP» эксперттер клубының аймақтық жиыны өтті. Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Іс-шараға Түркістан облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, атом энергиясы мен экология саласының кәсіби мамандары, жастар және азаматтық қоғам, партия өкілдері қатысты. Жиында Жолдауда айтылған мемлекеттік шешімдер қабылдаудағы азаматтардың белсенділігі және жаңа қоғамдық-саяси мәдениет, экологиялық тәуекел мен қауіпсіздік, атом электр стансасын салу туралы жалпыұлттық референдум жайын талқылап, өзара пікір алмасты. Кездесуге қатысқан көпшілік АЭС салу тақырыбына ерекше назар аударды. Шараға арнайы келген ҚР ЭМ Ядролық физика институтының Бас инженерінің орынбасары Асхат Бекбаев аталған станцияның салынуы — ел ертеңі үшін аса маңызды қадам екенін айтып, референдумға үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Ұқсас жаңалықтар
ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЦЕХ ЖЫЛЫНА 15 МЛН ЛИТР МИНЕРАЛДЫ СУ ӨНДІРЕДІ
Түркістан облысы Арыс қаласында орналасқан цех жылына 15 млн литр минералды су өндіреді. Түркістан облысы Арыс қаласында орналасқан «Арыс минералды су» ЖШС-і жылына 18 млн литр минералды су өндіреді. Жобаның жалпы құны 250 млн теңгені […]
Түркістан облысында АӘК қайта есептелді
Бүгінде Түркістан облысында су ұңғымалары мен құдықтар қазылып, заманауи жаңа аялдамалар ашылып, ағаштар отырғызылып, орындықтар орнатылуда, сонымен қатар жолаяқ пен велосипед жолын салу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Отырыста атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге қатысты облыс бойынша […]
ТҮРКІСТАН: «ДАРБАЗА-МАҚТААРАЛ» ТЕМІР ЖОЛЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында стратегиялық маңызы бар міндеттің бірі – көлік-логистика саласының әлеуетін толық пайдалану екенін атап өтті. «Стратегиялық маңызы бар міндеттің бірі […]
Пікір қалдыру