Биылғы жылдың 7 айында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жалпы өңірлік өнім көлемі 44,6 млрд теңгеге жетіп, жан басына шаққандағы жалпы өндірілген өнім 238,5 мың теңгені, өнеркәсіп өнімінің көлемі 9,3 млрд теңгені, өңдеу өнеркәсібінде өнім көлемі 6,9 млрд теңгені, негізгі капиталға бағытталған инвестиция 15,4 млрд теңгені құраған.
Ш.Ділдәбеков ауылдық округі тұрғындарымен өткен кезекті кездесуімде аудан мен ауылдық округте жасалып жатқан жұмыстардың барысы, алдағы жоспарлар кеңінен сөз болды.
Осы жылдың І жарты жылдығында округ тұрғындарымен өткен кездесуімде көтерілген 4 мәселенің бүгінде 2-і толық орындалған, яғни, Сырабад елді мекеніндегі Шырайлы, Айбын, Думан, Ырысты, Керемет, Нұр, Жаңақұрылыс, Абат, Көрікті және Алмалы секілді жалпы ұзындығы 7,2 шақырымды құрайтын 10 көшеге бөлінген 238 млн теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Сайлау елді мекеніндегі ретсіз орналасқан электр бағаналары «ОңтүстікЖарықТранзит» мекемесі тарапынан ретке келтірілген.
Сонымен қатар, Байдала елді мекенінің ішкі көшелерін жөндеу, Қызылтаң елді мекенінен мектеп салу бойынша да тиісті жұмыстардың жүргізіліп жатқанын, жердің мелиоративтік жағдайын жақсарту мақсатында 36 тік дренжадарды қалпына келтіру жұмыстары басталғанын, Күрішті елді мекенін биылғы жылы табиғи газға қосу үшін құрылыс-монтаж жүргізуге 94,5 млн теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу рәсімдері өтіп жатқанын айттым.
Одан бөлек, биылғы жылы аудандағы 29 елді мекенді көгілдір отынға қосу үшін 8,3 млрд теңге бөлініп, 11 нысанды жыл соңына тапсыру жоспарланып отыр. 18 елді мекен 2025 жылға өтпелі.
Сондай-ақ, елді мекендердегі жаңадан түскен көшелерді сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 2 нысанға 1,1 млрд теңге қаржы қарастырылып, 1 нысан пайдалануға берілсе, элeктр жeлiлерiн салу және КТП орнату мақсатында Ж.Ералиев ауылдық округіндегі 8 елді мекенге, Абай ауылдық округіндегі 5 елді мекенге жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіп, қаржыландыру үшін тиісті басқармаға ұсынылған.
Еркін форматиа өткен кездесу соңында тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап бердім. Айтылған мәселелері хаттамаға енгізіліп, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді.
Жетісай ауданының аумағында «Таза Қазақстан» Республикалық акциясы аясында жаппай сенбілік болып өтті. Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов бастаған тазалық жұмыстарына 1200-ге жуық адам қатысты. Қатысушылардың 205-і мемлекеттік мекемелердің қызметшілері болса, қалғаны аудандық мәслихат депутаттары мен […]
Қазіргі таңда әлемде 415 АЭС жұмыс істеп тұр. Тіпті, көршілес Ресейдің өзінде 36 АЭС жұмыс жасауда. Одан бөлек, тағы 8 станцияның құрылыс басталуда. Осы саланы қадағалайтын халықаралық МАГАТЭ деген ұйым бар. Ол — әрбір станциясының […]
Бүгінгі Республикалық референдумға түрлі қызықты жағдайлар орын алуда. Қазыбек би ауылдық округі Н.Оңдасынов ЖББМ-де орналасқан №206 сайлау учаскесіне топ болып жиналып келген ақ жаулықты ауыл әжелері жаппай дауыс беріп, өздерінің саяси белсенділіктерін көрсетті. Әжелер алқасының […]
Пікір қалдыру