Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында аудан аумағындағы қала, кент, ауылдық округтерді аралап, халықпен кездесулерімді жалғастырудамын. Кезекті кездесу Ынтымақ ауылдық округінде өтті. Бұған дейін тұрғындар тарапынан көтерілген 11 мәселенің 3-і нақты шешімін тапса, қалғпн 8-і орындалу үстінде.
Нақтырақ айтар болсам, Ақниет ауылындағы ескірген 6 дана электр бағаналары «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан ауыстырылса, осы ауылдағы жалпы ұзындығы 1,7 шақырымды құрайтын Ақши көшесіне орта жөндеу жұмыстары жүргізілген. Әден ата елді мекенінен Асықата кентіндегі «Қайнар» мектеп-гимназиясына қатынайтын оқушыларға облыстық маңызы бар КХ-25 автомобиль жолының Әден ата, Өркенді елді мекендерінің тұсына жаяу жүргіншілер өткелін таңбалау жұмыстары жүргізіліп, жол белгілері орнатылды.
Сонымен қатар, ауыз судың жағдайы, медициналық пункт салу, көшелерді орта жөндеуден өткізу, Көрікті ауылындағы иесіз трансформаторды ауыз су мекемесінің меншігіне өткізу, Үшкөпір ауылынан жаңа мектеп салу, Әден ата ауылындағы ағын су арықтарына шлюздер орнату мәселелері бойынша да арнайы жұмыстар жүргізілуде.
Одан бөлек, жердің мелиоративтік жағдайын жақсарту мақсатында 37 тік дренжадарды қалпына келтіру үшін құрылыс жұмыстары басталып, Ақниет ауылында «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 600 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде.
Ішкі жолдардың сапасын жақсарту мақсатында жергілікті бюджеттен 2,8 млн теңге бөлініп Әден ата елді мекенінің Болашақ көшесі орта жөндеуден өткен. Үшкөпір елді мекенінің Жаңа құрылыс, Қараойлы, Ақкөл, Өркенді елді мекенінің Әмірханов, Аймаутов, Нұр елді мекенінің Бөкейханов және Алтынсарин көшелеріне жарықшамдар орнату үшін жергілікті бюджеттен 6,3 млн теңге, Көрікті елді мекенінің Егіндік, Құлшеке көшелеріне электр бағаналарын орнату үшін жергілікті бюджеттен 3,3 млн теңге бөлінген.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылған және алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстардың жоспарлары жайлы баяндамамнан соң көпшіліктің сұрақтарына жауап бердім. Округтің өзекті, түйіні тарқатылуы тиіс салаларын саралап, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Кездесуден соң жеке мәселелерін айтамын деушілерге арнайы қабылдау өткіздім. Қабылдауда көтерілген мәселелер бойынша тиісті бөлімдер мен мекеме басшыларына тапсырмалар берді.
Жетісай ауданы әкімінің қала тұрғындарымен кездесулері мен жеке қабылдауларында айтылып, әлекметтік желілерде жиі жазылатын Жетісай қаласындағы Амангелді көшесіне асфальт төсеу, жеке тұрғын үй секторлары мен көппәтерлі тұрғын үйдің аулаларын су басуының алдын алу мақсатында арық-атыздарды […]
Жетісай ауданының үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов аудан тұрғындарына жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға аудан басшысымен қатар аудан әкімдігі аппаратының басшысы Есен Алданиязов пен аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Сакен Жайлыбаев, […]
Жетісай ауданы – Түркістан облысындағы аграрлық әлеуеті жоғары, ауыл шаруашылығы бағытында үлкен тәжірибесі мен жетістіктері бар өңір. 2025 жылдың маусым айында аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен кезекті аппарат мәжілісінде осы бағыттағы жұмыстар мен […]
Пікір қалдыру