Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға аудан басшысымен қатар орынбасарлары, аппарат басшысы мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері, аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов пен аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Есімжан Надиров, тиісті бөлім басшылары қатысты.
Аудан басшысының кестеге сәйкес өткізілген қабылдауына келген азаматтардың басым бөлігі тұрғын үй алу және оның кезегі, әлеуметтік көмек, көшелерді жарықтандыру және күрделі жөндеуден өткізу, санитарлық тазалық, КТП орнату, газдандыру, жерасты суының көтерілуі салдарынан орын алуы мүмкін су басуының алдын алу мақсатында елді мекендерде тік дренаждарды іске қосу бойынша өтініштерін айтты.
Аудан әкімі мен жауапты сала басшылары әлеуметтік көмек, тұрғын үй алу және оның кезегі бойынша өтініш иелеріне заң аясында кеңестер беріп, оң шешімін табуына ықпал жасайтындығын жеткізді.
Ал, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі тарапынан көшелерді жарықтандыру және күрделі жөндеуден өткізу, тұрғындарға сапалы ауыз су жеткізіп беру, КТП ауыстыру жұмыстары кезең-кезеңімен жоспарлы түрде жүргізілетіндігі айтылды.
Серік Үсенұлы азаматтар көтерген шағым, өтініштер бойынша көп күттірмей заң аясында жұмыс жүргізілетіндігін жеткізіп, жауапты сала мамандарына арнайы тапсырмалар берді.
Жеке қабылдауға келген тұрғындар көтерілген мәселелер белгіленген уақыт шеңберінде оң шешімін табатындығына сенім білдірді.
Қазіргі таңда еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі – су ресурстарын тиімді пайдалану және өнімділікті арттыру. Әсіресе жаһандық жылыну, жауын-шашын мөлшерінің азаюы, судың тапшылығы мен ысырапшылдық жағдайында бұл мәселе ерекше маңызға ие. Осыған […]
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласы – өңір экономикасының негізгі тіректерінің бірі. Әсіресе, ауыл еңбеккерлерінің маңдай терімен көгерген Жетісай ауданы бұл бағытта айрықша рөл атқарып келеді. Соңғы жылдары облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің бастамасымен ауыл шаруашылығының бірқатар […]
Түркістан облысы – еліміздегі ауыл шаруашылығы өнімдерін ең көп өндіретін өңірдің бірі. Оның ішінде мақта шаруашылығы – экономиканың тірек салаларының бірі саналады. Осы салада Жетісай ауданының орны ерекше. Өйткені бұл ауданның тұрғындары бірнеше буыннан бері […]
Пікір қалдыру