Жетісай ауданында егістікке қажетті ағын су тапшылығын жоюға бағытталған жұмыстардың барысымен танысу мақсатында аудан басшысы Мамытов Серік Үсенұлы бүгін Абай ауылдық округіне қарасты Жүзімдік елді мекенінде орналасқан «Смайл» шаруа қожалығында болды.
Тәуекелділігі жоғары ағын су тапшылығының алдын алып, өнімділікті арттыру мақсатында қожалық биыл 55 гектар жерге қытайлық «BazhouXincaiTradeCo.Ltd» компаниясымен бірігіп су үнемдеу технологиясын енгізген. Жалпы инвестициялық құны 55 млн теңгені құрайтын жобаның ерекшелігі – беткейлеп суғару әдісіне қарағанда ағын суды 2,5 есеге дейін үнемдеп, өнімділікті арттырады.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы «Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында елімізде ылғал үнемдеу технологиясын 1,4 млн гектарға ендіру қарастырылса, оның ішінде Түркістан облысының үлесі 16% немесе 216,3 мың гектарды құрайтын болады.
Отандық агроөнеркәсіптік кешенінің алдына қойған міндеттерінің бірі саналатын ағын суды үнемдеу технологиясы 1746 гектарға енгізілген Жетісай ауданында жыл соңына дейін 2800 гектарға жеткізу жоспарланып отыр.
Бұл жаһандық жылыну процесі мен жауын-шашын мөлшерінің азаюы, су ресурстарының дұрыс бөлінбеуі мен ысырапшылдық сияқты келеңсіздіктердің алдын алуда оң ықпал етері сөзсіз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдайтын жыл сайынғы Жолдауында өңірлер мен елді мекендерде бұқаралық спортқа, дене шынықтыруға, салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып денсаулығы мықты ұрпақ тәрбиелеуге басымдық беріп, әр аудан орталықтарында спорт алаңшаларын […]
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес кезекті кездесуімді Жылы су ауылдық округінде өткізді. Жиында алдыңғы кездесуде көтерілген мәселелердің орындалуы барысымен, ауданда атқарылған жұмыстардың нәтижесімен таныстырып, тұрғындардың сұрақтарына жауап бердім, ұсыныс-пікірлеріне құлақ […]
Жетісай ауданында автомобиль жолдары талапқа сай жаңартылып, елді мекендер мен ауданаралық жолдарды қалпына келтіру, тас төсеп, асфальттау, тозығы жеткен немесе жаңадан салынған көшелерде тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасау бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Биылғы жылы Ұлттық […]
Пікір қалдыру