Жетісай ауданында егістікке қажетті ағын су тапшылығын жоюға бағытталған жұмыстардың барысымен танысу мақсатында аудан басшысы Мамытов Серік Үсенұлы бүгін Абай ауылдық округіне қарасты Жүзімдік елді мекенінде орналасқан «Смайл» шаруа қожалығында болды.
Тәуекелділігі жоғары ағын су тапшылығының алдын алып, өнімділікті арттыру мақсатында қожалық биыл 55 гектар жерге қытайлық «BazhouXincaiTradeCo.Ltd» компаниясымен бірігіп су үнемдеу технологиясын енгізген. Жалпы инвестициялық құны 55 млн теңгені құрайтын жобаның ерекшелігі – беткейлеп суғару әдісіне қарағанда ағын суды 2,5 есеге дейін үнемдеп, өнімділікті арттырады.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы «Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында елімізде ылғал үнемдеу технологиясын 1,4 млн гектарға ендіру қарастырылса, оның ішінде Түркістан облысының үлесі 16% немесе 216,3 мың гектарды құрайтын болады.
Отандық агроөнеркәсіптік кешенінің алдына қойған міндеттерінің бірі саналатын ағын суды үнемдеу технологиясы 1746 гектарға енгізілген Жетісай ауданында жыл соңына дейін 2800 гектарға жеткізу жоспарланып отыр.
Бұл жаһандық жылыну процесі мен жауын-шашын мөлшерінің азаюы, су ресурстарының дұрыс бөлінбеуі мен ысырапшылдық сияқты келеңсіздіктердің алдын алуда оң ықпал етері сөзсіз.
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары Темір Базарбайұлы мен Нұрсұлтан Төленұлының ауданымызға жасаған іс-сапары барысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Бізге ғалымдар, инженерлер, өнертапқыштар қажет. Мамандарымыз әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай білімді де, білікті болуы тиіс» деген сөзін […]
Жетісай ауданының үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов аудан тұрғындарына жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға аудан басшысымен қатар аудан әкімдігі аппаратының басшысы Есен Алданиязов пен аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Сакен Жайлыбаев, […]
Бекітілген кестеге сәйкес кезекті кездесуімді Ж.Ералиев ауылдық округінде жергілікті тұрғындармен өткіздім. Өткен тоқсанда округ тұрғындары тарапынан көтерілген өзекті мәселелер бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырып, басқа да мәселелердің шешілу жолдарын бірігіп талқыладық, азаматтардың өмір сүру […]
Пікір қалдыру