Бекітілген кестеге сәйкес кезекті кездесуімді Ж.Ералиев ауылдық округінде жергілікті тұрғындармен өткіздім. Өткен тоқсанда округ тұрғындары тарапынан көтерілген өзекті мәселелер бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырып, басқа да мәселелердің шешілу жолдарын бірігіп талқыладық, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту ісінде қосымша ұсыныс-пікірлерді тыңдадым.
Өткен жарты жылдықта округ тұрғырдары тарапынан көтерілген 15 мәселенің 7-і нақты шешімін тапса, 3-і орындалу үстінде, ал, 5-не түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Нақтырақ айтар болсам, С.Сейфуллин ауылындағы ауыз жүйелерінің құрылыс-монтаж жұмыстары «ЭксклюзивСтрой» ЖШС тарапынан өндірістік кестеге сай жүргізіліп, ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға тапсыру жоспарланса, Абай елді мекенінен балабақша салуға бөлінген жер телімі округ әкімінің меншігіне қайтарылып, спорт алаңшасын салуға 18,5 млн теңге қаржы бөлінген. Мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, «Арай» ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сәулет жоспарлау тапсырмасы (АПЗ) жасалып, жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау жұмыстары қолға алынған, табиғи газға қосылып, қажетті компьютермен қамтылған.
КХ-75 Асықата-Мақталы автомобиль жолына жарықтандыру жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамалары жасақталып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары, Бәйтерек елді мекеніндегі дәрігерлік амбулаторияның құрылысына бөлінген 350 млн теңгеге тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Округ аумағынан өтетін КХJS-4-Жамбыл-Жазықсай-Әлімбетов аудандық маңызы бар автомобиль жолында орын алған ақаулар қайта қалпына келтіріліп, Көктөбе ауылындағы (1050м) Жауқазын көшесін орта жөндеуден өткізу үшін жеңімпаз анықталып жөндеу жұмыстарын бастау жопарлануда.
Сонымен қатар, К-30-ІІІ-2 каналдың елді мекен ішінен өткен бөлігін бетондау, ішкі көшелерін орта жөндеуден өткізу, электр желілерін жаңарту, КТП орнату, ауыз суға мембрана қою, Арай ауылы тұсына бағдаршам орнату бойынша да тиісті жұмыстар жүргізілсе, жердің мелиоративтік жағдайын жақсарту мақсатында 39 тік дренжадарды қалпына келтіру үшін құрылыс жұмыстары басталған. Одан бөлек, Бәйтерек елді мекенінен дәрігерлік амбулатория, Көктөбе елді мекенінен фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысы жүргізілуде.
Ішкі жолдардың сапасын жақсарту мақсатында жергілікті бюджеттен бөлінген 174,8 млн теңгеге жалпы ұзындығы 4,3 шақырымды құрайтын Көктебе елді мекенінің Жауқазын, Бәйтерек елді мекенінің Жүзтерек, Үтіртөбе елді мекенінің Көктем, Ғ.Мұратбаев елді мекенінің Бірлік, Жетіқазына елді мекенінің Қосарық көшелері орта жөндеуден, ал, Әуезов елді мекенінің Табыс, Абай елді мекенінің Үркер көшелері ағымдағы жөндеуден өткен.
Жаңадәуір елді мекеніндегі жаңадан түскен көшеге электр бағаналары мен түнгі жарықтар орнату үшін жергілікті бюджеттен 5 млн теңге, спорт алаңшасын салу үшін 20 млн теңге бөлінсе, Абай, Сейфуллин, Жетіқазына, Бәйтерек елді мекендеріне биылғы жылы табиғи газ жүргізудің құрылысы басталатын болады.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға заң аясында жауап беріп, азаматтарға жеке қабылдау өткіздім. Айтылған өтініштер мен талап-тілектер бойынша жауапты мамандарға тапсырмалар бердім.
Бүкіл әлемдегі сияқты біздің елде де энергия өндіру қажеттілігі жыл сайын артып келеді. Сонымен бірге қоршаған ортаға энергия өндірудің зияны тиіп, экологиялық ахуал нашарлауда. Баламалы энергия көзі болған күн және жел энергетикасын дамыту және өндіру […]
Жұмыс аптасы барысында Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов Атамекен ауылдық округінің Жемісті елді мекеніндегі құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатқан «Қазыбек би» атындағы №67 жалпы білім беру мектебінде болды. Атқарылып […]
Жетісай ауданының аумағында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің 11.09.2024 жылғы №2586 санды хатына сәйкес «Бүкіләлемдік тазалық күні» аясында ауқымды сенбілік өтті. Аталмыш сенбілікке мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері […]
Пікір қалдыру