Өзінің төл тума бітім-қасиеттерімен, көркемдік мән-мағынасымен халықтың асыл қазынасы саналатын, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатқан қазақ қолөнерін жетісайлық әжелер «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Түркістан төрінде жұртшылыққа дәріптеді.
Бүгінде жастары жетпіске асқан әжелер қолданыстан шығып қалған ұлттық ою-өрнектерді ою, оларды бастырмалау, тоқыма мен кесте тоқу, киіз басу, ши және кілем тоқу, құрақ құрау мен тері илеу арқылы 20-ға тарта бұйымдарды жасайды.
«Ата-баба мұрасын бала бойына ұлттық өнер үлгілері арқылы сіңіріп, қолмен істеп, көзбен көрсетіп, тәжірибе арқылы орындап келеміз. Егеменді ел болғалы өз мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрып, тұрмыс-тіршілік болмысымызды қайта жаңғыртып жатыр. Әр ұлттың өзіне тән қолөнері бары анық. Біздің халықымыздың қолөнерінің түп-тамыры – халықтың өмір сүру салтымен, шаруашылық дәстүрімен тығыз байланысты» дейді жетісайлық әжейлер.
Айта кетейік, Жетісай ауданы әжелерінің қолдарынан шыққан бұйымдарға Жетісай, Мақтаарал аудандарымен қатар облыс орталығы мен Шымкент қаласынан да тапсырыстар түсіп тұрады.
Негізгі табысы агросектор саналатын Жетісай ауданында ауыл шаруашылығы саласын, оның ішінде ағын су бағасын тұрақтандыру, жеңілдетілген жанар жағар май мен минералды тыңайтқыштардың уақытылы жеткізілуін қамтамасыз ету, егістікке қажетті ағын су тапшылығын төмендету үшін каналдарды жөндеуден […]
Жетісайлық шаруалар биылғы жылы 79,3 мың гектар суармалы жердің 40,8 мың гектарына мақта шитін сепсе, 20,1 мың гектар жерге бақша, 7,2 мың жерге дәндік жүгері, 3,3 мың га жерге көкөніс пен 6,3 мың гектар алқапқа […]
Жетісай ауданы, Қарақай ауылдық округінде пайдалануға берілген спорт алаңшасының салтанатты ашылу рәсіміне Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Қайназаров пен ауыл ақсақалдары, […]
Пікір қалдыру