Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық эклологиялық шарасы бүгін жоғары деңгейде өтті.
Жетісай қаласын ұлғайтуға арналған 80 га жер теліміндегі көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына жүргізілген экологиялық шараға Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов бастаған мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты.
«Жетісай қызмет» мекемесінің 2 жүк көлігі жұмылдырылған аталмыш сенбілік аясында мемлекеттік және квазимемлекеттік қызметкерлер өздеріне бекітілген аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізсе, көппәтерлі үйлердің іргелік жерлерінің шөптері шабылды, күл-қоқыстардан, жапырақтардан тазартылды.
Сондай-ақ, қала, кент және барлық ауылдық округтерде де өткен жаппай сенбілік жұмыстарына аудан тұрғындары, көшелер мен елді мекендердегі тазалықты сақтауға жұмылдыру ісінде аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, жергілікті әкімдер мен тұрғындар белсенділік танытып, жер-жерлерде арнайы бекітілген кесте негізінде жұмыстар жүргізілді. Саябақтар мен көшелер, арық-атыздар, автокөлік жолдарының жиегі тазаланды. 250-ге тарта адам мен 11 техника жұмылдырылып, 25 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.
Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы, «САНҰР» телерадиокомпаниясының негізін қалаушы, жеңіл атлетикадан спорт шебері, бүгінде телеарналар мен мерзімді басылымдардың тізгінін ұстап жүрген көптеген журналистердің ұстазы болған ардагер журналист Саржанов Тұрсынхан Құдайқұлұлын еске алуға арналған ересектер арасында кіші […]
Спорт – денсаулық кепілі. Мемлекетімізде ел тұрғындарының арасында дене шынықтыру мен спорт саласын кеңінен насихаттап, бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлуінің нәтижесінде спортты жанына серік етіп, түрлі деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындарға жетіп жүрген жасөспірімдердің саны […]
Жетісай ауданының жалпы өңірлік өнім көлемі 2024 жылдың қорытындысымен 267,2 млрд теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 83,6 млрд теңгеге артты. Бұл туралы аудан әкімі Серік Мамытов брифинг барысында мәлімдеді. Аудан экономикасының негізгі драйверлері – ауыл […]
Пікір қалдыру