80 мың гектарға жуық суармалы жері бар Жетісай ауданында биылғы жылы 40,8 мың гектарға жуық жерге мақта, 19,7 мың гектар жерге бақша, 3,4 мың гектар жерге көкөніс, 7,3 мың гектар жерге дәндік жүгері мен 6,6 гектар жерге мал азықтық дақылдар егілген.
Негізгі табысын агросектордан алатын ауданда өнім көлемі мен сапасын арттыру мақсатында тік дренаждарды іске қосу, елді мекендердегі жерасты суын төмендете отырып көгалдандыру, абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Ауданда жалпы саны 380 дана тік дренажды ұңғымалардың бүгінде 170 данасы тұрақты жұмыс жасап тұр.
Өткен жылдың қазан айында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі «ҚазСушар» РМК тапсырысымен «Ислам Даму Банкі» қаржысы есебінен басталған 210 дана тік дренажды ұңғымаларды қайта қалпына келтіру жұмыстары 2026 жылы толығымен аяқталып, ел игілігіне тапсырылады деп күтілуде.
Себебі, ауданда тік дренаждардың істен шығуының салдарынан жерасты суы өз деңгейінен жоғары көтеріліп, егістік алқаптарда өнімнің сапасы мен көлемі төмендеген. Жауын-шашында судың жерге сіңуі қиындап, тұрғындар үйіргелік жерлеріне бау-бақша егуден қалған.
Жоспар бойынша «КиікбайСтройСервис» ЖШС Мақталы, Қызылқұм, Абай ауылдық округтеріндегі 97 дана тік дренажды қалпына келтіру арқылы 16 мың гектар алқаптың мелиоративтік жағдайын жақсарту көзделген болса, «Арт-Құрылыс» ЖШС Ералиев, Ынтымақ, Ш.Ділдабеков ауылдық округтеріндегі 113 дана тік дренажды қалпына келтіру арқылы 20 мың гектар алқаптың мелиоративтік жағдайы қайта қалпына келтіру көзделуде.
Қазірдің өзінде «Арт-Құрылыс» компаниясы 113 дана ұңғыманың 60-ын бұрғылап үлгерген. Мердігерлер ұңғымаларды бұрғылаумен қатар келесі жылдың соңына дейін жалпы ұзындығы 124 шақырымды құрайтын су қашыртқыларын қалпына келтіріліп, 230 шақырым электр жүйелерін қайта іске қоспақ.
Бүгін Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайға байланысты шұғыл баспасөз мәслихаты өтті. Онда «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары және арнайы облыстық штаб басшысының орынбасарлары Бейсенбай Тәжібаев, облыстық экономика және бюджетті […]
Ұлттық спортты дамыту – жас буынның тарихи санасын жаңғыртудың тиімді әрі нәтижелі жолы. Тарихи сана қалыптаспайынша мемлекетшілдік сананың орнықпайтынын, ал, тарихи сананың тұғыры ұлттық болмыстан бастау алатынын жақсы білетін Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың қолдауымен […]
Биылғы жаңа заңнамаға сәйкес, мүлік салығы Түркістан облысы бойынша тек Түркістан каласында ғана өсіп отыр. Бұған дейін Түркістан қаласы облыстық маңызы бар қала ретінде салықтың бағалау құны үйдің 1 шаршы метріне 12000 теңге болса, […]
Пікір қалдыру