Ұлттық спортты дамыту – жас буынның тарихи санасын жаңғыртудың тиімді әрі нәтижелі жолы. Тарихи сана қалыптаспайынша мемлекетшілдік сананың орнықпайтынын, ал, тарихи сананың тұғыры ұлттық болмыстан бастау алатынын жақсы білетін Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың қолдауымен бүгінде «Ұлттық спорт клубы» мекемесі жұмыс жүргізіп келеді.
«Қай заманда болсын дайындығы күшті, шеберлігі мықты сарбаздар ғана шайқаста жеңіске жеткені, байырғы көшпенді бабаларымыз бейбіт күннің өзінде сарбаздардың жауынгерлік даярлығын жетілдіріп отырғаны тарихтан белгілі. Яғни, шайқас кезінде жауынгерлер қолданған әдіс-тәсілді бейбіт күндері ұлттық ойын ретінде дамытып келеміз. Әлемдік өркениет көшіне ұлттық сипатымызды сақтай отырып бет бұруды, ерте заманнан бері қазақтың тарихымен біте қайнасып, заманына қарай жаңғырып, дамып, толықтырылып келе жатқан ұлттық ойындарымызды ұлықтауды, насихаттауды барынша қолға алып келеміз» — деді аудан әкімі.
Айта кетейік, аталған клуб өткен жылы құрылып, қазіргі таңда Қырғызстан Республикасы Президентінің кубогына арналған Халықаралық турнир мен облыстық «NOMADS CUP» ұлттық ойындар чемпионаты, Түркістан облысы 5 жыл толуына орай ересектер арасында өткен Түркістан облысының спартакиядасы сынды байрақты бәсекелерге қатысып, Азия ойындары мен Халықаралық, Республикалық және облыстық жарыстарда, түрлі деңгейдегі ашық біріншіліктерде 25 алтын, 23 күміс пен 19 қола медаль иеленген.
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында ауданда ауқымды сенбілік өтті. Қала, кент, ауылдық округтердегі елді мекендермен қатар Шардара-Жетісай автожолы бойындағы Қарасақал елді мекенінің тұсындағы 8 шақырым жолын санитарлық […]
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов жеке қабылдаулары мен әлеуметтік желі парақшаларында жиі жазылатын ауданның ауыз су мәселесінің жетіспеушілігін оңтайлы шешу, тұрғындарды жүргізілген жаңа ауыз су жүйелеріне қосу жұмыстарын ұйымдастыруды жылдамдату мақсатында Жетісай қаласындағы ауыз […]
Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы, «САНҰР» телерадиокомпаниясының негізін қалаушы, жеңіл атлетикадан спорт шебері, бүгінде телеарналар мен мерзімді басылымдардың тізгінін ұстап жүрген көптеген журналистердің ұстазы болған ардагер журналист Саржанов Тұрсынхан Құдайқұлұлын еске алуға арналған ересектер арасында кіші […]
Пікір қалдыру