Халық заңгері» – Қазақстанның барлық қалалары мен негізгі елді мекендерінде өткізілетін республикалық акция. Іс-шара аясында ҚР мемлекеттік органдары өкілдері, заңгерлері мен адвокаттары тұрғындарды қабылдап, тегін заң көмегін көрсетеді.
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы әлеуметтік шиеленісті жою, мәселелерді шешу және тегін заң көмегін көрсету мақсатындағы акция бүгін Жетісай ауданында да өтті.
Аталмыш акцияға Жетісай ауданы әкімі аппаратының басшысы Есен Алданиязовпен қатар өзге де мемлекеттік мекеме басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен Түркістан облыстық адвокаттар алқасы төрағасының орынбасары Мырзабек Менисбаев, нотариус Гүлнұр Акилбаева мен Түркістан облысы заңгерлер палатасының заңгері А.Ақшораев қатысып, жергілікті 55 азаматқа шешімін таппай жүрген мәселелері бойынша тегін құқықтық кеңестер берді.
«Бүгінгі акцияның маңызы жоғары екендігі сөзсіз. Өйткені, әрбір тұрғын акция аясында шешімін таппай жүрген даулы мәселелері бойынша нақты құқықтық кеңестерін алып, кейбір мәселелерде медиация тәсілдері жүзене асып жатады.
Бүгіннің өзінде бірқатар азаматтарға аудандағы мемлекеттік органдар мен облысымыздағы заңгерлер қауымдастығының үздік өкілдерінен құқықтық саладағы мәселелерді шешуге қажетті көмектер көрсетілді» дейді Жетісай ауданы әкімі аппаратының басшысы Есен Алданиязов.
Жетісай қаласындағы сұлулық салондарының бірінде қасын боятқан келіншек өлім құша жаздады — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. 25-наурыз күні сағат 17:00 шамасында Жетісай қаласындағы сауда орталықтарының бірінде орналасқан сұлулық салонында қасын боятқан Құралай Өтегенова есімді […]
Жетісай ауданы прокуратурасының үйлестіруімен аудан әкімдігі жанындағы жұмысшы топтың кезекті жиыны өтті. Жиынға аудан прокурорының орынбасары Ырысбек Ерназаров пен аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Сакен Жайлыбаев пен аудандық «Нұғман» орталық […]
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен 2024 – 2025 жылғы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын үйлестіру мақсатында арнайы жиын өтті. Басқосуға аудан әкімінің орынбасарлары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары қатысты. Серік Үсенұлы […]
Пікір қалдыру