Халық заңгері» – Қазақстанның барлық қалалары мен негізгі елді мекендерінде өткізілетін республикалық акция. Іс-шара аясында ҚР мемлекеттік органдары өкілдері, заңгерлері мен адвокаттары тұрғындарды қабылдап, тегін заң көмегін көрсетеді.
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы әлеуметтік шиеленісті жою, мәселелерді шешу және тегін заң көмегін көрсету мақсатындағы акция бүгін Жетісай ауданында да өтті.
Аталмыш акцияға Жетісай ауданы әкімі аппаратының басшысы Есен Алданиязовпен қатар өзге де мемлекеттік мекеме басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен Түркістан облыстық адвокаттар алқасы төрағасының орынбасары Мырзабек Менисбаев, нотариус Гүлнұр Акилбаева мен Түркістан облысы заңгерлер палатасының заңгері А.Ақшораев қатысып, жергілікті 55 азаматқа шешімін таппай жүрген мәселелері бойынша тегін құқықтық кеңестер берді.
«Бүгінгі акцияның маңызы жоғары екендігі сөзсіз. Өйткені, әрбір тұрғын акция аясында шешімін таппай жүрген даулы мәселелері бойынша нақты құқықтық кеңестерін алып, кейбір мәселелерде медиация тәсілдері жүзене асып жатады.
Бүгіннің өзінде бірқатар азаматтарға аудандағы мемлекеттік органдар мен облысымыздағы заңгерлер қауымдастығының үздік өкілдерінен құқықтық саладағы мәселелерді шешуге қажетті көмектер көрсетілді» дейді Жетісай ауданы әкімі аппаратының басшысы Есен Алданиязов.
Жетісай ауданында «Мектепке жол» республикалық акциясы ұйымдастырылды. Аталған акцияда кәсіпкерлер аз қамтылған және көпбалалы отбасыда өсіп жатқан балаларға мектепке қажетті жабдықтарды төмен бағада ұсынды. Жетісай ауданы әкімдігі мен аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен акция барысында […]
Мүмкіндігі шектеулі жандар – қоғамның ең әлсіз әрі қорғансыз бөлігі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ерекше күтімді қажет ететін және қиын тұрмыстық жағдайында қалған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларға ерекше назар аударудың қажеттілігін айтып, бірқатар нақты тапсырмалар […]
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасымен аудандағы игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша тиісті жұмыстар тұрақты түрде атқарылуда. Аудан әкімінің өкімі негізінде аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің жер […]
Пікір қалдыру