2024 жылғы 19 қыркүйек күні Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен Мырзакент кенті, Ж.Нұрлыбаев а/о, Достық а/о, Жаңажол а/о, Иіржар а/о және Еңбекші ауылдық округтеріне қарасты учаскелік референдум комиссияларының хатшыларының қатысуымен «Республикалық референдум: құқықтық негіздері мен референдум комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында оқыту — семинары өткізілді.
Семинарға 26 комиссия хатшылары қатысты.
Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының хатшысы Г.Калдарбекова референдум науқанында атқарылатын жұмыстар бойынша, атап айтқанда: байқаушыларды, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін тіркеу, қоғамдық бірлестік өкілдерімен, мүмкіндіктері шектеулі азаматтармен және цифрлық құжаттармен жұмыс жасау, дауыс берушілерге бюллетендерді беру, үйден дауыс берушілермен жұмыс жүргізу, дауыстарды санау, есептен шығару куәлігін беру, дауыс берушілерді тіркелген жері бойынша мәліметтерді тексерудің онлайн-сервисінің жұмысы жөнінде түсіндірді.
Оқыту семинарында Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының төраға орынбасары Ш.Сатыбалдиев Республикалық референдум туралы заңнамадағы жаңашылдықтар мен республикалық референдум қарсаңындағы үгіттің негізгі аспектілері туралы түсіндірді.
Семинар барысында тыңдаушылар тарапынан сұрақтар қойылып, сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Ш.Сатыбалдиев оқыту семинарды қорытындылай келе барлық қатысушыларға алғысын білдіріп алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Бүгін дауыс беру учаскелерінің ашылуынан бастап «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы» республикалық қоғамдық бірлестігі күшейтілген қырағылық режиміне көшті. Біздің ситуациялық орталық республиканың барлық дауыс беру учаскесінен аймақтық штабтар мен үйлестірушілерден түсетін өзекті ақпаратты ала отырып, үздіксіз […]
Жетісай ауданының орталығы Жетісай қаласының құрылғанына 55 жыл толуына орай 55 жасқа толған 55 азамат дауыс берді. Жалпы қала бойынша 13 дауыс беру учаскесі бар, 45 407 қала тұрғынының 23 685-і дауыс беру құқына ие […]
Өткен жұмада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Жиында ауданының ветеринария бөлімінің басшысы (бұрынғы Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі әкімі) А.Абдиев Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ […]
Пікір қалдыру