2024 жылғы 19 қыркүйек күні Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен Мырзакент кенті, Ж.Нұрлыбаев а/о, Достық а/о, Жаңажол а/о, Иіржар а/о және Еңбекші ауылдық округтеріне қарасты учаскелік референдум комиссияларының хатшыларының қатысуымен «Республикалық референдум: құқықтық негіздері мен референдум комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында оқыту — семинары өткізілді.
Семинарға 26 комиссия хатшылары қатысты.
Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының хатшысы Г.Калдарбекова референдум науқанында атқарылатын жұмыстар бойынша, атап айтқанда: байқаушыларды, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін тіркеу, қоғамдық бірлестік өкілдерімен, мүмкіндіктері шектеулі азаматтармен және цифрлық құжаттармен жұмыс жасау, дауыс берушілерге бюллетендерді беру, үйден дауыс берушілермен жұмыс жүргізу, дауыстарды санау, есептен шығару куәлігін беру, дауыс берушілерді тіркелген жері бойынша мәліметтерді тексерудің онлайн-сервисінің жұмысы жөнінде түсіндірді.
Оқыту семинарында Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының төраға орынбасары Ш.Сатыбалдиев Республикалық референдум туралы заңнамадағы жаңашылдықтар мен республикалық референдум қарсаңындағы үгіттің негізгі аспектілері туралы түсіндірді.
Семинар барысында тыңдаушылар тарапынан сұрақтар қойылып, сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Ш.Сатыбалдиев оқыту семинарды қорытындылай келе барлық қатысушыларға алғысын білдіріп алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Шымкент қаласы Ақжайық шағынауданындағы «Тұлпар» балабақшасында №218 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Аталған учаскеге қоғам қайраткерлері Орынбай Рахманбердиев пен Шалатай Мырзахметов отбасыларымен бірге келіп, өз таңдауларын жасады. –Бүгін халқымыз атом электр станциясының құрылысына байланысты маңызды […]
Түркістанда «SARAP» эксперттер клубының аймақтық жиыны өтті. Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Іс-шараға Түркістан облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес […]
Референдум арқылы мемлекеттік және қоғамдық өмір мәселелерін шешуді халыққа ұсыну тікелей демократияның нысаны болып табылады. Саяси құқықтар мен бостандықтар жүйесінде азаматтардың референдумға қатысу құқықтары ерекше орын алады. Сондықтан, азаматтардың референдумға қатысуы тек дауыс беру ғана […]
Пікір қалдыру