Жолаушылардың өтініштері ескеріліп, №16, №108, №61, №171, №180, №191 маршруттарға қосымша 12 автобус қосылды. Бұл өз кезегінде автобустардың аралық интервалын азайтып, жолаушылардың қоғамдық көліктерді ұзақ күтпеуіне септігін тигізеді.
№276 орамда жолаушылар ағынының артуына байланысты №16 автобус маршрутына қосымша 2 кесте қосылды. Қазіргі уақытта 10 автобус 15 минуттық жиілікпен қатынауда.
Сондай-ақ, №108 бағыттағы 10 автобус Шымсити шағынауданынан Күншығыс шағынауданына (ХҚКО) дейін күнделікті жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсеткен. Шымсити шағынауданы тұрғындары өтініштерін ескере, №108 автобус маршрутына қосымша 2 кесте қосылды. 12 автобустың жұмысы 15 минуттық жиілікпен ұйымдастырылды.
Ал, №61 автобус маршрутына Нұршуақ шағынауданында жолаушылар ағынының артуына байланысты 2 кесте қосылып, бүгінде 14 автобус 13 минуттық аралық жиілікпен жолаушыларды тасымалдауда.
№171 бағыт: Бозарық шағынауданы (саяжай) – әскери комиссариат. Бұрын бұл бағытта 10 автобус қызмет көрсетіп келген болса, енді жолаушылар ағынының артуына байланысты қосымша екі кесте енгізіліп, қазіргі таңда 12 автобус 12 минуттық жиілікпен жүреді.
№180 бағыт: Көкбұлақ тұрғын алабы – Гүлжан аялдамасы. Алдын бұл бағытта 8 автобус қызмет көрсетіп келген болса, енді Көкбұлақ тұрғын алабында жолаушылар ағынының артуына байланысты қосымша екі кесте енгізіліп, қазіргі таңда 10 автобус 15 минуттық жиілікпен жүреді.
№191 бағыт: Қарабастау тұрғын алабы – Б.Момышұлы көшесі. Аталған маршрут күніне 8 автобус жолаушыларды тасымалдаса, бүгінде Қарабастау тұрғын алабында жолаушылар ағынының артуына байланысты қосымша екі кесте енгізіліп, қазіргі таңда 10 автобус 15 минуттық жиілікпен жүреді.
Шымкент қаласында төтенше жағдай режимі кезеңінде залалсыздандыру жұмыстарына атсалысып, блок-бекеттерде қызмет еткен ерікті сарбаздардың еңбегі еленіп, марапатталды. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов төтенше жағдай кезінде қаланы залалсыздандыру жұмыстары мен блок бекеттерде еңбек еткен 100 […]
Техника дамып, технологияның қарыштап алға жылжуының нәтижесі бүгінде, барлық салаларда чат-бот өте жақсы жұміс істеп тұр. Ағымдағы жылдың 5 шілдесінен бастап Қазақстанда адамның қоғамда жайлы тұруының барлық саласына қатысты тұрғындардан өтінімдер берудің жаңа сервисі @TazaQazBot […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорктегі жұмыс сапары барысында өткен «дөңгелек үстел» отырысында АҚШ-тың жетекші бизнес өкілдерімен мазмұнды пікір алмасу өтті. Кездесу аясында Президент Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы инвестициялық және экономикалық ынтымақтастықтың басым бағыттарына […]
Пікір қалдыру