Түркістанда қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының» ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында бірнеше спорт түрінен жарыс өтіп жатыр. «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында ұйымдастырылған спорт жарысында жасөспірімдер волейбол, шахмат пен тоғызқұмалақтан сынға түсті.
Спорт жарысының мақсаты – бұқаралық спортты дамытуға үлес қосып, салауатты өмір салтын ұстауды насихаттау. Жасөспірімдер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.
“Сауран” тұрғын алабында өткен шахмат сайысына қаладағы 10 мектептен жиналған оқушылар қатысты. Интеллектуалды ойында ұлдар арасында №8 мектеп және қыздар арасында №6 мектеп оқушысы алғашқы орыннан көрінді.
Ал, Яссы тұрғын алабында волейболдан өткен жарыста №15 М.Жұмабаев мектебінің оқушылары I орынды иеленіп, II орын №24 М.Шоқай мектебі, III орын №14 Қазыбек би мектебінің жас спортшыларына бұйырды.
Сонымен қатар, “Бірлік” тұрғын алабында ұлттық ойын түрі тоғызқұмалақтан жарыста өтіп, ой ұшқырлығы сыналатын бәсекеге шаһардағы №27 Ө.Жәнібеков пен Е. Иззатуллаев атындағы білім ордаларының оқушылары қатысты. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.
Жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі сайыс алдағы уақытта “Шауғар”, “Отырар”, “Бекзат” секторларында үстел теннисі, баскетбол, дойбы сынды спорт түрлерінен жалғасады.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі аясында №10 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен «Ұлттық қолөнер – тәрбие бастауы» атты шеберлік сағаты өтті. Шараға қала тұрғыны, қолөнер шебері Ештаева Гүлзира арнайы шақырылып, жас оқырмандарға ұлттық өнердің қыр-сырын […]
Елімізде «Жібек жолы» туристік теміржол бағыты іске қосылды. Пойыз «Алматы–Түркістан–Ташкент–Алматы» бағыты бойынша жүреді. 16–20 қараша күндері өтетін алғашқы сапарға 115 жолаушы аттанды. Енді туристік пойыз ай сайын қатынайтын болады. Жолаушыларға жатын орын, үш мезгіл тамақ, […]
Түркістан қаласында жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. Оның ішінде: 371 шақырымы (44 %) – асфальт, 360,3 шақырымы (42,6 %)-шағал тас, 113,7 шақырым (13,45%) — топырақ жол. Жыл басынан бері қала ішіндегі […]
Пікір қалдыру