Түркістанда «Жемқорлықсыз болашақ» ұранымен 2009-2015 жылғы жасөспірімдер арасында үстел теннисінен өткен ашық біріншілік аяқталды.
Спорттық шараға Қызылорда, Шымкент, Жетісай, Сарыағаш, Түркістан, Кентау қалалары мен Созақ, Бәйдібек, Төлеби аудандарынан келген 300-ге жуық спортшы қатысты.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қалалық «№2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» директоры Әнуар Сәрсенбаев құттықтап, арнайы алғыс хат пен кубоктарын табыстады.
— Үстел теннисі – пайдасы мол спорт. Ақыл-ойды сергітіп, мидың саулығын сақтайды. Шапшаңдық арқылы буындарға да жақсы әсер береді. Бұл спорт түріне жастардың қызығушылық танытып, сайысқа қатысып жатқанына қуаныштымын. Жас спортшыларға алдағы уақытта тек сәттілік тілеймін,-деді Әнуар Амантайұлы.
Ойлау шапшаңдығын арттырады. Үстел теннисін «high-speed chess» – «аса шапшаң шахмат» деп бекерден бекер атамаса керек. Бұл спортта допты неғұрлым қатты жылдамдықпен соғу, айналдыра шиіру, үстелге дәл түсіру және қарсыластың соққысына шапшаң бейімделіп, шебер қайтара білу төтенше маңызды. Бұның бәрі тез ойлау мен тез шешім қабылдауды қажет етеді.
Рефлекстерді дамытады, яғни дене қозғалысы шапшаңдығын арттырады.
Жарыс қорытындысы бойынша 2009-2015 жылғы жасөспірімдер арасында Түркістан қаласы 8 медаль, Шымкент қаласы 15 медальды иеленсе, Қызылордалық спортшылар 4 медальды қанжығаға байлады. Сарыағаш қаласы, Созақ пен Сауран аудандары бір-бір жүлдені қанағат тұтты.
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы жақында қала аумағында жүріп жатқан бірқатар құрылыс нысандарының сапасын бақылап, тұрғындарға көрсетілетін қызметтерді жақсарту мақсатында жүзеге асып жатқан жобалармен танысты. Қала басшысы ең алдымен Жібек жолы тұрғын үй кешені мен […]
Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы аясында инфрақұрылымдық жобаларға ерекше көңіл бөлініп отыр. Қала ағынының жəне көлік жүйесінің жақсаруы үшін жаңа жолдар мен көпірлер салу жоспарланып, қоғамдық көліктің санын арттыру көзделуде. Сонымен қатар, қалада су мен электр […]
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы рухани астанадағы құрылыс барысын қадағалап, жұмыстардың талапқа сай жүріп жатқанына куә болды. Бұдан бөлек, аймақ басшысы көгалдандыру жұмыстарының барысын бақылады. Кентау тасжолының бойына отырғызылған көпжылдық ағаштар Түркістанды жасыл аймаққа айналдырады. […]
Пікір қалдыру