Түркістан облысы Жетісай ауданының шаруалары 79,3 мың гектар егістік жерге егін екті. Оның 40,8 мың гектары мақта дақылы.
Жетісай ауданының мақта дақылын өндіруші шаруаларының мәселесін оңтайлы шешу мақсатында өңірдің мақта өңдеу зауыттары мен ауданның ірі шаруа қожалық төрағаларымен кездесу өткізді. Ашық әңгіме барысында мақта шарушылығы саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, аудан басшысы тарапынан тиісті ұсыныстар енгізілді. Дихандардың уәжін жеткізген Серік Үсенұлы зауыт басшыларына бірқатар талаптар қойды.
«Бүгін сіздермен ауданымыздың шаруалары үшін маңызды мәселелерді талқылап, ортақ мәмілеге келу үшін арнайы кездесіп отырмыз. Ауылдық округтерде өткен кездесулерде шаруалардың айтатын бірінші мәселесі – ауыл шаруашылығында өндірілген өнімдердің, соның ішінде мақтаның бағасы.
Шаруалардың ерте көктемнен қара күзге дейінгі еңбегі зая кетпесін. Мүмкіндігінше дұрыс баға шығарыңыздар, бір жыл жылдағыдан азырақ пайда тапсаңыздар ештеңе етпейді» деген аудан басшысы мақта қабылдау бекеттеріндегі таразыдан алдау, зертханаларда мақта сапасын қасақана төмендету секілді жағдайларға жол берілмеу керектігін ескертті.
Бүгінде аудан аумағында орналасқан мақта қабылдаушы 7 мақта өңдеу зауыттары мен 77 мақта қабылдау бекеттерінің 45-і аудан аумағында орналасқан мақта өңдеу зауыттарына тиесілі болса, қалған 32-сі Мақтарал ауданы аумағында орналасқан мақта өңдеу зауыттарына тиесілі.
Мақта мақта өңдеу зауыттарының айтуынша әр компания тікелей халықаралық мақта саудагерлерімен (трейдерлермен) жұмыс істейді. Ал, трейдерлер мақта талшықтарын сатып алу бойынша алдын ала келісім шарт жасап, қаржыландырады. Сол себепті, мақтаны шикізат күйінде сатып алуға қажетті қаражаттың барлығы дерлік жеке инвестициялар деуге болады. Жиынға келген мақта зауыт басшылары дәл қазіргі кезде сұраныстың жоқтығын алға тартты. Баға – мақта сапасына байланысты екенін мәлімдеді.
Аудан әкімі кездесу барысында ауыт басшыларына мақтаны тазалаумен қатар, қайта өңдеумен айналысуды ұсынды.
Айта кетейік, мақталық алқаптарға дефолиациялау жұмыстары жүргізіліп, күзгі жиын-терім науқанына 715 дана трактор, 897 дана трактор тіркемелері, 61 дана ОВХ, 232 дана мақта терім машиналары дайын. 1665 тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлініп, алдын ала болжам бойынша гектарынан 25,8 центнерден өнім алынады деп жоспарланып отыр.
Санаулы күндерден соң жаңа оқу жылы басталады. Жылдағы жағдай бойынша оқу жылы аяқталысымен қажеттілігіне қарай мектептерге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа оқу жылына дейін толық тапсырылуы тиіс. Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық эклологиялық шарасы бүгін жоғары деңгейде өтті. Жетісай қаласын ұлғайтуға арналған 80 га жер теліміндегі көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына жүргізілген экологиялық шараға Жетісай ауданының әкімі […]
Өздеріңізге жақсы мәлім, 2024 жылдың 2-ші қыркүйегі күні Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында ел дамуының басты тоғыз бағытын атап өтті. Төртінші бағыты инфрақұрылымға […]
Пікір қалдыру