Мемлекет басшысының бастамасымен биыл елімізде «Таза Қазақстан жобасы іске қосылды. Акцияның мақсаты – табиғатқа қамқорлық жасау мәдениетін қалыптастыру және елдегі экологиялық жағдайды жақсарту. Бұл ретте еліміздің түкпір-түкпірінде еңбектеген баладан, еңкейген қарттарға дейін тазалыққа өз үлестерін қосуда. Ал, әрбір мекеме, ұжымдар да өз ауласын қүл — қоқыстан тазартады.
Экологиялық тазалық акциясы аясында Әл-Фараби ауданы аумағындағы Текесу елді мекенінде санитарлық тазалау, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жалпы, шөптерді ору, ағаштарды қырқу, иригациялық жүйелер мен көшелерді тазалау, сыпыру, ойын алаңшаларын ретке келтіру жұмыстары атқарылды. Жалпы санитарлық шараларға 15 арнайы техника, 180-ге жуық адам жұмылдырылып, 7 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Тазалық сақтап, мәдениеттілікке үйрену баршаға міндет. Жақсы қасиетті қалыптастыру әр азаматтың өзінен басталады. Сондықтан да, мемлекет басшысының тазалыққа беттеген барлық бастамасы қолдау тауып отыр.
Сонымен қатар, аудандағы басты көшелердегі аялдамар мен көпқабатты тұрғын үйлер аулаларында орналасқан қоқыс алаңшаларына санитарлық жуу, қураған ағаштарды қырқу, шөптерді ору, ағаштар мен гүлдерді суғару жұмыстары да тұрақты түрде жүргізілуде.
Республикалық экологиялық акция бес аптаға жалғасады. Қазірдің өзінде шымкенттіктер тазалық шараларына белсенді ат салысуда. Қала тұрғындары мен қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындар өздеріне тиесілі аумақтарды тазартып, абаттандыруға үлес қосып жатыр.
Жұмыр жерді мекендейтін сан мыңдаған тіршілік атаулының ішінде Жер-Анаға адам баласынан артық қиянат жасайтын жан иесі жоқ шығар. Басқасын былай қойғанда, күнделікті өмір қажеттілігінен артылған тұрмыстық қалдықтар мен күл-қоқыстар ортақ планетамызды тұншықтырып барады. Оған зауыт-фабрикалардан шығатын улы химикаттарды қосыңыз. Тазалық мәселесінде біз алдымен өзімізге жауап беруіміз керек. Сонда барып аула тазарады. Ал ауланың тазалығы қаланың тазалығы, қаланың тазалығы – сананың тазалығы.
«Тазалық кісінің ішкі мәдениетінің, адамгершілігінің көрінісі деуге болады. Біз өзіміздің, өз үйіміздің ғана емес, тұрып жатқан жеріміздің, қаламыздың, туған жеріміздің таза болуына да баса мән беруге дағдылануымыз керек. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып отырған «Таза Қазақстан» бағдарламасына жастардың белсенді түрде қатысып жатқанын көріп қуанып отырмын, — дейді Әл-Фараби ауданының тұрғындары.
Жалпы бүгінде Шымкент қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының оң нәтиже көрсетіп жатқанын, тұрғындар арасында тазалық мәдениетінің қалыптасып келе жатқанын, бұл бастаманың көпшілік ыстық ықыласпен қабылдап жатырғаны байқауға болады.
Шымкент қаласында Полиция департаменті бастығының нұсқауына сәйкес «Таза қала» профилактикалық іс-шарасы өтті. Оның негізгі мақсаты — қоғамдық тәртіпті нығайту, қала аумағының көркейтілу деңгейін арттыру, сондай-ақ тұрғындардың қорш“Таза қала” акциясы қалаға жаңаша серпін берді»аған ортаға ұқыпты […]
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 2024 жылғы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өңірде жалпыға бірдей қалалық тазалық науқаны бастау алып, сәтті өтіп жатыр. Бұл жайлы қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Әбілқайыр […]
Жетісай ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық жалпыұлттық акциясы аясында бүгін Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде аудандық сенбілік өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған шараға аудандағы барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлерімен қатар аудан әкімінің орынбасарлары, […]
Пікір қалдыру