Өңірлік коммуникациялар қызметінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов пен Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Рзабек Меңдіқұловтың қатысуымен брифинг өтті. Спикерлер қала аумағындағы бұрын жекешелендірілген сумен жабдықтау және су бұру стратегиялық нысандарын мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары туралы баяндап, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Қала әкімінің орынбасары Айдын Мейрамбекұлының сөзінше, Шымкент қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен Экономиканы монополиядан арылту жөніндегі комиссияның шешімін орындау мақсатында заңсыз берілген жер телімдері мен нысандарды мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр.
«1996-1998 жылдары Шымкент қаласының сол кездегі әкімі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын монополиядан арылту шеңберінде қаланың сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін бәсекелес ортаға беру туралы шешім қабылдаған. Тасымалдау барысында қаладағы жалғыз мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның екі су қабылдағышы «Тассай-1» және «Тассай-2», «Уникансервис» тазарту қондырғысы және «ТрансВиК» автокөлік шеберханасы еншілес ұйымдарға бөлінді. Одан әрі құрылған төрт еншілес кәсіпорын мен қосымша “Бадам-Сайрам” және “Ақбай-Қарасу” су қабылдағыштары да жекешелендіруге берілді», — деді А.Кәрімов.
Сондай-ақ ол жекешелендірілген ұйымдардың құрылтайшылары 1998 жылы біртұтас «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-на бірігу туралы шешім қабылдағанын атап өтті. Жекешелендірілген соң мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын теңгерімінде тек су құбырлары ғана қалған.
Шымкентте дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бұл туралы Шымкент қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ләззат Қашқынбаева БАҚ өкілдеріне берген сұхбаты кезінде айтты. – Қаламызда дәрі тапшылығы туралы шағым түспегенін, алайда […]
Шымкент қаласында жұмыс істеп жатқан автомектептердің 40 пайызы онлайн форматқа көшті. Соңғы берілген 2ГИС компаниясының мәліметтері бойынша еліміздің үшінші мегаполисінде тұратын 30 автомектеп тіркелген. Олардың арасында 12-сі ғана карантин кезеңінде онлайн режимінде жұмыс істеуді жалғастырған. […]
Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасының дәрігерлері бүйрегін тас байлаған 39 жастағы әйелді аман алып қалды. Науқас ауруханаға өте ауыр халде түскен. Дәрігерлер «Compact Sigma» литотриптер аппаратының көмегімен науқастың бүйрегі мен несепағар жолдарындағы тастарды отасыз түсірді. […]
Пікір қалдыру