Жылдан жылға халық саны артып келе жатқан «Шымкент сити» шағын ауданында қазір 10 мыңға жуық адам тұрады. Мұнда 3412 пәтерден тұратын 55 көпқабатты тұрғын үй орналасқан. Ауыз су, электр энергиясы және табиғи газ мәселелері толығымен шешілген. Алайда, 2017 жылдан бері қолданысқа берілген кейбір көшелердегі
бағдаршамдар мен жарық шамдарының ақаулықтары жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырған болатын. Қауіпсіздік шараларының қамтылмауына байланысты мұнда жол-көлік оқиғалары жиілеп кеткен.
Осыған байланысты, өткен жылдың күзінде қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің халықпен кездесуінде жергілікті тұрғындар жоғарыда аталған мәселелерді көтерді. Мегаполис басшысы азаматтардың өтініштерін жеке бақылауға алып, проблемалық мәселелерді шешу мақсатында тиісті басқарма басшылығына нақты тапсырмалар берді.
Басқарма тарапынан шұғыл түрде ақау актісі жасалып, зерделеу жұмыстары жүргізілді. Қараусыз қалуына байланысты бірнеше учаскелерде жарық шамдарының кабельдері ұрланғаны, кейбірінің жарамсыздығы анықталды. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес белгіленген аумақтарда қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күні «Шымкент сити» шағын ауданының басты жеті көшесінің алтауы толық жарықтандырылды. Олардың ішінде Түркия, Қ.Жалаири, Алатау және атауы жоқ №1,2,3 көшелері бар. Шілде айының соңына дейін Абылай хан көшесінде де жарықтандыру жүйелері жүргізіледі.
Айта кету керек, жол-көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қиылыстарда зияткерлік көлік жүйесіне (ITS) қосылатын 12 бағдаршам нысанын орнату жоспарлануда. ITS жүйесіне қосылу көлік кептелістерін болдырмайды, өйткені Өтегенов көшесі ашылғаннан кейін көліктер «Асар», «Асар-2» және «Ақжайық» шағынаудандарына «Шымкент сити» көшелерімен өтетін болады.
Осыған дейін бағдаршамдар төрт қиылыста орнатылған болатын және қазіргі уақытта тағы 4 бағдаршам нысанына электр энергиясын жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Қалған бағдаршамдарды орнату бойынша дайындық жұмыстары жалғасуда.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта» Шымкент Ситиде» аула аумақтарын жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар 2024 жылдың шілде айының соңына дейін аяқталады.
Қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықтың негізі – отбасындағы береке мен өзара сыйластық. Осы орайда, отбасы-тұрмыстық қатынастарда орын алатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесі құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында. “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында Шымкент қаласы Полиция […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай жариялаған үндеуінде тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтауды, саяси қуғын-сүркін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылатынын айтты. «Тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, […]
Қазіргі таңда Шымкентте 18 блок-бекет жұмыс істеуде. Аталған бекеттерде жалпы 692 қызметкер жұмылдырылған. Оның ішінде 230 полиция қызметкері, 216 медицина қызметкері, 168 қарулы күштер және 60 ұлттық ұлан сарбаздары 3 ауысымда тәулік бойы қызмет атқаруда. […]
Пікір қалдыру