Жергілікті бюджеттен ипотекалық негізде тұрғын үй сатып алушыларға жалпы сомасы 300 млн теңге көлемінде тұрғын үй сертификаты беріледі. Әзірге сертификатқа өтінімдер қабылдау басталған жоқ. Хабарландыру қала әкімдігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында, бұқаралық ақпарат құралдарында алдын ала жарияланатын болады.
Тұрғын үй сертификаты мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20», «5-10-20» бағыттары шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін қайтарымсыз негізде банктің ипотекалық қарыз шартын мақұлдау хатын алған соң беріледі. Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір үміткер үшін 1 млн теңгеден аспайтын бірыңғай мөлшерде айқындалған.
Бұдан бөлек жыл басынан бері 200 млн. теңгеге қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертификаттарын беру бойынша ағымдағы жылдың 22 қаңтарынан бастап азаматтардан құжаттар қабылданып, 218 азаматқа тұрғын үй сертификаттары берілген болатын. Бұл қолдауды 76
1,2 топ мүгедектігі бар азамат, 16 толық емес отбасы, ерекше бала асыраушы 49 отбасы, бюджеттік мекемелердің 40 қызметкері, 30 көпбалалы отбасы, 7 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар иеленді.
Айта кету керек, 2023 жылы қайтарымсыз негізде 148 отбасы тұрғын үй сертифаттары арқылы ипотекалық баспанаға қол жеткізген болатын.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Шымкент қаласын дамытудың 2035 жылға дейінгі жаңа Бас жоспарын бекітті. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды. Үшінші мегаполистің дамуы қалай болмақ? Жаңадан аудан орталықтары қайсы аймақтардан ашылады? Еліміздің ірі өнеркәсіп, […]
Түркістан облысы Кентау қаласында 100 ден астам тұрғын үй жөндеуден өтіп жатыр. ҚР «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» тұрғын үй қорын жаңғырту саласы бойынша 2019 жылы Кентау қаласында 44 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден […]
Советтік саясаттың бірі — ұлттың білікті кадрларының көзін жою болатын. Мұның бір дәлелі Ф.И.Голощекиннің Сталинге жазған хатында: әуелі қазақ халқының интеллиегенциясын құрту мақсаты көзделді, мұнан кейін жас буынның тарихи санасын кері бұрып, оңды-солды әліпби ауыстыру […]
Пікір қалдыру