«Таза бейсенбі» республикалық апталық акциясы аясында Еңбекші ауданында орналасқан Забадам өзенінің бойында тазалық жұмыстары жүргізілді. Акцияға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшының орынбасары Бекайдар Тулегенов, Еңбекші ауданының әкімі Есілбек Досбол, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мәслихат депуттары, партия қызметкерлері, қалалық «Жастар Рухы» ЖҚ белсенділері, бастауыш партия ұйымдары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Айта кетейік, ұзақ мерзімге жоспарланған экологиялық акция барысында партияластар аптаның әр бейсенбісінде бекітілген учаскелерде тәртіп пен тазалықты сақтауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ абаттандыру мен инфрақұрылымды дамытуға байланысты мәселелерді шешетін болады. Партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасында өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту бойынша ауқымды міндеттері тұр.
Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұдайы өткізіліп тұратын «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқанын жариялаған болатын. Президент атап өткендей, Қазақстан әрқашан таза әрі көз сүйсіндіретін ел болуы керек және бұл өмір салтына айналуға тиіс. Осылайша, «AMANAT» партиясының мыңдаған белсендісі мен мүшесі «Таза бейсенбі» акциясы аясында әр бейсенбі сайын әртүрлі аумақты ұжымдаса отырып қоқыстан тазартып келеді. Осы аптада жағалау аумақтары мен жайылмаларға ерекше назар аударылды.
Бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан аумақтарды, өзен-көлдердің жағалауын тазарту, тарихи, мәдени ескерткіштердің айналасын абаттандыру, қала көшелерін көгалдандыру жұмыстары осы міндеттерге айтарлықтай үлес қоспақ.
Сегодня в нашем городе прошел масштабный субботник в рамках республиканской экологической акции «Таза Казахстан». Мероприятие было направлено на улучшение состояния окружающей среды и повышение чистоты в городе. В нем приняли участие многие учреждения и организации, […]
Мемлекет басшысының “Таза QAZAQSTAN” жалпыұлттық науқаны бастамасын қолдау мақсатында республиканың барлық өңірінде 6 маусымнан бастап «AMANAT» партиясының “Таза бейсенбі” акциясы бастау алып, бүгінде ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Осы кезеңге дейін Акцияға жалпы саны 800-ге жуық азамат […]
2024 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында еліміздің экологиялық ахуалын жақсарту үшін қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының маңыздылығын ерекше атап өтті. Бұл акцияның мақсаты — халықтың экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатқа деген жауапкершілікті […]
Пікір қалдыру