Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының «Сауран» және «Бекзат» секторы тұрғындарымен кездесуіне жүздеген адам жиналды. Қала басшысы тұрғын алаптардағы электр желісі, кәріз жүйесі, көгалдандыру, қоғамдық көлік пен білім саласына қатысты бірқатар мәселелерді тыңдады.
Кездесуге жауапты қала әкімінің орынбасарлары, қалалық мәслихат депутаттары, тиісті бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Аталған тұрғын алап халқы жақын маңайдан мектеп пен емхана қажеттігін жеткізді. Сондай-ақ, мұндағы тұрғындарды көшелердегі көгалдандыру жұмыстары мен қаңғыбас иттерден келетін қауіп те алаңдатады. Сонымен қатар, кәріз жүйесін ретке келтіріп, көшелерге асфальт төсеп, бағдаршам орнатуды сұрайды. Халықтың талап-тілегін тыңдаған Әзімбек Пазылбекұлы тиісті мекеме басшыларына ескерту жасап, мәселені шешуге тапсырма берді.
Айта кетейік, осыған дейін Әзімбек Пазылбекұлы «Бірлік», «Отырар», «Шауғар», «Яссы» секторы тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдаған болатын.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен ашылған «Жастар» саябағы заманауи талаптар мен қала тұрғындарының сұраныстарына толық сай келетіні қуантады. Жалпы соңғы жылдары Түркістан қаласының келбеті күрделі өзгерістерге ұшырап, тарихи және мәдени мұраларды сақтай отырып, жаңа […]
Түркістан қаласының білім бөліміне қарасты жазғы сауықтыру лагерінде екінші маусымның ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. Балалардың шат күлкісі мен жарқын қуанышы көрініс тапқан бұл игі іс-шара – тек жазғы демалыстың басталуы ғана емес, ел болашағы […]
Балалардың қауіпсіздігі – қоғамның, ата-ананың, мектептің және құқық қорғау органдарының ортақ жауапкершілігі. Әсіресе, көше қозғалысы кезінде балалардың өміріне төнетін қауіптерді болдырмау – баршамыздың басты міндетіміз. Осы бағытта Түркістан қаласы білім бөлімі мен қалалық Полиция басқармасы […]
Пікір қалдыру