Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты Қошқар-ата, Шымкент, Гүлдеурін-1 су арналарына күнделікті тазалау жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Аталған су арналарының тазалау жұмыстарына жауапты «Фараб құрылыс» мердігер мекемесінен жалпы саны 40 қа жуық жұмысшы 5 техника (3 экскаватор, 2 КамАЗ) жұмылдырылды. Жоғарыда көрсетілген басқарма теңгеріміндегі 6 су арналарынан күнделікті 40 куб (40 тоннаға жуық) қоқыс шығарылуда.
«Тазалық – саулық кепілі» деген сөз ешқашан өзектілігін жоймақ емес. Әсіресе, қазіргідей адамзаттың тұтынушылық деңгейі артып, тұрмыстық қалдығы көбейіп тұрған заманда өзіміз өмір сүріп жатқан ортаның, елді мекеннің тазалығын сақтауға әрбіріміз мүдделі болуымыз керек. Олай болса, Шымкент қаласының тазалығы әр тұрғынның ішкі мәдениетінің көрсеткіші, өркениеттілігіміздің өлшемі деуге болады.
Қала келбеті тек сәнді де сәулетті үйлермен, жасыл желекті саябақтармен өлшенбейді. Күн сайын көркейіп келе жатқан Шымкенттің ажары оның тазалығына да байланысты.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың қала тұрғындарымен кездесуі барысында, әсіресе Әл-Фараби ауданында, тұрғындар табиғатты қорғау және қала экологиясын жақсарту мақсатында аллеялар мен саябақтарды көбейту туралы ұсыныстарын білдірді. Бұл кездесу қала тұрғындарының экологиялық сауаттылығын арттыру және […]
Шымкентте қоршаған ортаның тазалығы мен азаматтардың эко санасын арттыруға бағытталған іс-шаралар тоқтамайды. Бұл жұмада «Таза Қазақстан» акциясы қаланың бес бірдей ауданында қатар ұйымдастырылды. Тұран ауданының тұрғындары мен коммуналдық қызметкерлері Қазығұрт шағынауданындағы мектеп ауласын тазалады. Бүгінгі […]
Елімізде коронавирус індетіне байланысты жарияланған төтенше жағдай салдарынан табысынан айырылған Шымкент қаласының 40 586 тұрғыны 42 500 теңге төлемді алды. Сонымен қатар, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, Шымкент қаласы бойынша елдегі […]
Пікір қалдыру