Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының «Сауран» және «Бекзат» секторы тұрғындарымен кездесуіне жүздеген адам жиналды. Қала басшысы тұрғын алаптардағы электр желісі, кәріз жүйесі, көгалдандыру, қоғамдық көлік пен білім саласына қатысты бірқатар мәселелерді тыңдады.
Кездесуге жауапты қала әкімінің орынбасарлары, қалалық мәслихат депутаттары, тиісті бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Аталған тұрғын алап халқы жақын маңайдан мектеп пен емхана қажеттігін жеткізді. Сондай-ақ, мұндағы тұрғындарды көшелердегі көгалдандыру жұмыстары мен қаңғыбас иттерден келетін қауіп те алаңдатады. Сонымен қатар, кәріз жүйесін ретке келтіріп, көшелерге асфальт төсеп, бағдаршам орнатуды сұрайды. Халықтың талап-тілегін тыңдаған Әзімбек Пазылбекұлы тиісті мекеме басшыларына ескерту жасап, мәселені шешуге тапсырма берді.
Айта кетейік, осыған дейін Әзімбек Пазылбекұлы «Бірлік», «Отырар», «Шауғар», «Яссы» секторы тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдаған болатын.
Бүгін Түркістандағы облыстық жастар ресурстық орталығында «Ұлағатты ұрпақ» жобасы аясында республикалық «Айқын» газетінің бас редакторы Нұрмұхамед Байғараевпен кездесу өтті. Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырған кездесуде Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік университетінің журналистика […]
Түркістанда шахматтан ашық аспан астында біріншілік өтті. Сайысқа шахмат үйірмесінің 2-3 санаттағы жас спортшылары қатысты. Жалпы интеллектуалды ойында 40 оқушы бақ сынады. Жас шахматшыларды төрешілер алқасы қадағалады. Айта кетейік, таза ауада, яғни, «Жеңіс» саябағында өткен […]
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “BASTAU Talks” атты кездесу өтті. Шара Астана қаласы, ҚМДБ-ның “Ырыскелді қажы” мешітінің Бас имамы, теолог, дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы және “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ-нің директоры […]
Пікір қалдыру