Түркістанда шахматтан ашық аспан астында біріншілік өтті. Сайысқа шахмат үйірмесінің 2-3 санаттағы жас спортшылары қатысты. Жалпы интеллектуалды ойында 40 оқушы бақ сынады. Жас шахматшыларды төрешілер алқасы қадағалады. Айта кетейік, таза ауада, яғни, «Жеңіс» саябағында өткен шахмат жарысын Түркістан қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт клубы ұйымдастырды.
Турнирдің мақсаты – жас шахматшылардың шеберліктерін шыңдап, жаздық демалыс уақытында оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған қатысушылар анықталып, арнайы марапатталды.
Еліміз орнықты даму жолына түскен, бәсекеге қабілетті мемлекетке айналуы үшін біздің қоғамға интеллектуал адамдар көбірек қажет. Ал, шахмат — адамның ақыл-ойын дамытатын бірден-бір ойын. Оны шахматтан әлем чемпионы болған Тигран Петросянның «Шахмат дегеніміз формасы бойынша ойын, мазмұны жағынан – өнер, ал ойынды меңгеру жағынан – ғылым» деген сипаттамасы дәл беріп тұрғандай.
Бір ауыз сөзбен айтқанда, зиялы ұлт қалыптастырудың тиімді жолдарының бірі – елде шахматтың дамуына жағдай жасау. Осыны ескерген мемлекет кейінгі жылдары Қазақстанда шахматты дамытуға ерекше назар аударып келеді. Мұны шахматтың мектеп бағдарламасына факультатив пән ретінде енгізілуінен-ақ байқауға болады.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні – балғын бүлдіршіндердің шаттық пен қуанышқа бөленетін ең жарқын мерекелерінің бірі. Осы атаулы күнге орай Түркістан қаласындағы «Аружан» балабақшасының «Гүлдер» тобында «Бақытты балалар – бақытты ел» атты мерекелік […]
Еліміздің киелі де, қасиетті рухани астанасы — Түркістан облыс орталығы болғалы барлық жағына қарқынды дамып келеді. Оның бірден бір дәлелі бүгінгі Халықаралық деңгейде өтіп жатқан марафон. «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастыруымен Turkistan Marathon […]
Бүгінде облыста ауыл шаруашылығы және туризм саласымен қатар, өндіріс ошақтарын салу маңызды болып тұр. Осы бағытта өңірге инвестицияны көбірек тартып, жұмыс орындарын ашу, өндіріс орындарын көбейту бағытында ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Оның ішінде орталығы Түркістан […]
Пікір қалдыру