Бүгінде облыста ауыл шаруашылығы және туризм саласымен қатар, өндіріс ошақтарын салу маңызды болып тұр. Осы бағытта өңірге инвестицияны көбірек тартып, жұмыс орындарын ашу, өндіріс орындарын көбейту бағытында ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Оның ішінде орталығы Түркістан қаласына ерекше тоқталуда.
Түркістан қаласы облыс орталығына айналып, бүгінде заманауи даму жолына түскен шаһар ретінде де танылып келеді. Облыс орталығы мәртебесін алғаннан бері қалада сәулеті келіскен ғимараттар мен тұрғын үйлер бой көтерген.
Қала бүгінде қайта жаңарып, көптің қызығушылығын тудыруда. Құрылыс бастауға ниетті инвесторлар саны артып келеді. Әр ғимарат сәулетшілердің мақұлдауынан кейін ғана салынуы тиіс. Бұл мәселені облыс әкімі Дархан Сатыбалды бақылауда ұстап отыр. Сәулеттік жобалар талқыланған мәжілісте жаңа жобалар таныстырылды.
– Жаңа жобаларды жүзеге асыру бастамаларын қолдаймыз. Түркістан қаласында салынатын жаңа ғимараттардан шығыс және ұлттық сәулет нақыштары көрініс табуы керек. Сондай-ақ құрылыс бастайтын инвесторлар арнайы жұмыс жоспарын бекітіп, уақытында аяқтауы қажет. Көтеріліп отырған мәселелер бойынша нақты ұсыныстар беріңіздер, – деген Дархан Сатыбалды жауапты басқарма басшыларына тапсырмалар берді.
Мәжілісте бірқатар жаңа жобалар ұсынылды. Атап айтсақ, Әкімшілік-іскерлік орталығында бизнес орталықтары, әлеуметтік нысандар салу туралы ұсыныс беріліп, ғимараттарының үлгілері көрсетілді. Сонымен бірге Жаңа қала аумағында тұрғын үй салу жөнінде де ұсыныстар қаралды. Мәдени-рухани орталығында орналасқан Өнер мұражайы мен Қолөнершілер орталығы, «Достық үйінің» ішкі көрінісінің жобасы да талқыланды. Тозығы жеткен ғимараттарды қайта қалпына келтіру кезінде, сонымен қатар алдағы уақытта салынатын нысандардың қасбеттері мен қоршауларына және бояу түсіне баса мән беруді, бірізді етуде тапсырды.
Түркістанның зор туристік әлеуетімен қатар инвесторларға “салық жеңілдіктері, кедендік жеңілдіктер мен жеңілдікпен жер ұсыну” тиімді формуласы жемісті нәтиже береді деп болжануда. Аймақтағы қолжетімділік, еңбек ресурстары, жаңа индустриялық жобаларға салынған инвестицияларға көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар инвестиция құюшылар үшін тамаша мүмкіндіктер ашады. Кез келген қарқынды дамып келе жатқан қала секілді Түркістан да үлкен қаржы құюды талап етеді. Бүгінде көне шаһардың инвестициялық әлеуетін аша түсуге қажетті жағдай да, мүмкіндіктер де бар.
Қала экономикасының негізін құрап, инвесторлар үшін қайтарымы мол жобаларды ұсынатын негізгі бағыттар – өндіріс және туризм болмақ. Қазірдің өзінде Түркістанда айрықша инвестициялық климат қалыптасып келеді. Шетелдік инвесторлардың көне шаһар экономикасына қаржы құюға деген ынтасы ерекше. Былтыр қалаға тартылған инвестиция көлемі 28 миллиард теңгеден асса, алдағы жылдарда бұл көрсеткіш еселеп арта түспек.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігі мен прокуратура органдарының ұйымдастыруымен бүгін Түркістан қаласында «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. Ауқымды шараның негізгі мақсаты – азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету, сонымен қатар билік пен […]
Қайырымдылық адами қасиеттің айқын көрінісі. Мына қатігез ғаламда жүрегі жылы жандардың бар болғаны қуантарлық жағдай. Тағдыр тәлкегімен арпалысып келе жатқан бүлдіршіндерге қуаныш сыйлау парыз. Түркістан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен балаларға арналған […]
Қала күні мерекесі аясында бірқатар мәдени-көпшілік шаралар өткізу жоспарланған болатын. Осыған орай, бүгін Этноауыл аумағында қала күніне арналған шара ұйымдастырылды. Келген қонақтар мен көрермендерге Мәдениет үйінің өнерпаздары тақырыпқа сай әндерін тарту етті. Түркістанның өсіп-өркендеуі және […]
Пікір қалдыру