Түркістан қаласында өз несібесін жерден терген, қажырлы еңбектерімен қоғамның әлеуметтік тұрақтылығының нығаюына қомақты үлес қосып келе жатқан Түркістан облысының ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай «AGROFEST TÚRKISTAN — 2024» салтанатты шарасы өтіп жатыр. Бұл күні тұрғындарға ала жаздай ризық-несібесін жерден терген өңір диқандарының 3000 тоннадан астам өнімдері ұсынылды. «Керуен сарай» туристік кешенінде ұйымдастырылған мерекелік шарада асыл тұқымды мал шаруашылығы мен техникалар көрмесі және ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі және Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтуде.
Ауқымды шараға қатысқан Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ауыл шаруашылығы техникалар көрмесін көріп, «Тұран су» МКК, «Ветеринариялық қызмет» МКК-на арнайы техникалар табыстады. Ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесін аралап, кол өнер шеберлерінің жұмыстарымен және мал шаруашылығы көрмесімен танысты. Еңбек адамдарына құрмет көрсеткен облыс әкімі ауыл шаруашылығы саласы өкілдерін құттықтады.
– Халықтың әл-ауқатының жоғары болуы – агроөнеркәсіптік кешенінің дамуымен тығыз байланысты. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында облыстың агроөнеркәсіп кешені тұрақты дамып келеді. Түркістан облысы аграрлық саланы дамытуда елімізде жетекші орынға тұрақтаған. Ауыл шаруашылығында еліміздегі жалпы өнім көлемінің 14 пайызы өндіріледі. Биыл 9 айда 747 млрд. теңгеге жуық өнім өндірілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес» деп, бұл салаға ерекше мән береді. Осы тұрғыда, өнімділікті арттыру және жаңа технологияларды ендіру бағытында, біз көршілес Өзбекстан, Қытай және Түркия, Австралия мемлекеттерінің оң тәжірибелерін ендіруіміз қажет. Облыстың табиғи – климаттық қолайлығы, жұмыс күші тұрғысында саланы жан-жақты дамытуға мол мүмкіндіктер береді. Заман көшінен қалмай, біз өрлеу үшін алдымызға ауқымды жоспарлар түзіп, биік межелерді белгілеп отырмыз. Сіздерге адал еңбекпен еліміздің дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүргендеріңіз үшін құрметпен алғысымды білдіремін. Өздеріңізбен бірге, облыстың аграрлық саласының жаңа бағытта дамуына қол жеткізетіндігімізге үлкен сеніммен қараймын. Өйткені, Түркістан өңірінің еңбекқор елі, құнарлы жері бар. Сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, береке мен бірлік тiлеймiн! Еліміздің игілігі жолында жаңа табыстарға жете беріңіздер. Мереке құтты болсын! — деді Дархан Сатыбалды.
Салтанатты шарада облыс әкімі бір топ азаматты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттады. Жиында облыстың аграрлық саласының дамуына белсенді үлес қосып келе жатқан озат агроқұрылым басшылары мен өкілдеріне де құрмет көрсетілді.
Сондай-ақ облыстың агроөнеркәсіптік кешенінде даму көрсеткіштерін орындауда алғашқы үштікке енген және негізгі капиталға инвестиция тартуда озат аудан, қала әкімдері облыс әкімінің дипломымен марапатталады. Бірінші орынды қайта өңдеу саласын дамытуда көш бастаған, 13 даму көрсеткіштері бойынша алғашқы орынға шыққан, жалпы өнім көлемі 108,7 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 129,8 пайызға жетіп, облыстық көрсеткіштің орындалуын қамтамасыз еткен Сайрам ауданы әкімдігі жеңіп алды. Екінші орынды Қазығұрт ауданының еңбеккерлеріне бұйырса, үшінгі орынға Жетісай ауданы лайық деп танылды.
«AGROFEST TÚRKISTAN — 2024» мерекелік іс-шарасы Қазақстанның жарық эстрада жұлдыздары «Мұзарт» тобы, Қайрат Нұртас және Мирас Жүгінісовтың қатысуымен кешкі гала — концертпен жалғасатын болады.
Түркістан қаласын жел эрозиясынан сақтау, көгалдандыру мақсатында Түркістан қаласының айналасында «Жасыл белдеу» қалыптасып келеді — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жоспар бойынша «Жасыл белдеу» аймағында 2019-2021 жылдар аралығында көшеттер […]
Түркістан қаласы Самал мөлтек ауданындағы 4 көпқабатты тұрғын үйге газ беріліп, 64 отбасы қуанышқа кенелді. Облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев тұрғындармен кездесіп, халықты қуанышты жаңалықпен құттықтады. Облыс әкімінің орынбасары көптен бері өзекті мәселеге айналған газдандыру […]
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен аппараттық мәжілісте осындай міндет қойды. Күн тәртібінде әуежайдың және онда баратын автомобиль жолының құрылысы мен көлік инфрақұрылымының жоспары, Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік және мәдени-рухани орталығында бой көтеріп жатқан нысандардың […]
Пікір қалдыру