Түркістанда бұл салада мақта кластерін дамыту, Австралия тәжірибесі негізінде ет кластерін құру, Жібек шаруашылығын дамыту, субтропикалық жылыжай шаруашылығын ұлғайту, қайта өңдеу саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру көзделген. Алдағы 5 жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 2,2 есе арттыру көзделген.
Облыста 80 мыңға жуық агроқұрылымдар жұмыс жасайды, бұл республикалық көрсеткіштің 31 пайызы. Өңірімізде 1 млн. ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайы ауыл шаруашылығына тікелей қатысты. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялар 1,6 есеге дейін артып, 148 млрд.теңгеге жетті. Қайта өңдеу көлемі 94 млрд. теңгені құрады. Ет экспорты бойынша облыс – еліміздің көшбасында келеді. Экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің – 80 пайызы, ұсақ мал етінің – 75 пайызы Түркістан облысының үлесінде.
Биыл ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыруда кешенді шаралар қабылданды. Мемлекет басшысы Үкіметке ең алдымен, суды үнемдейтін озық технологияны енгізу ісін тездетіп, оны қолдану аумағын жыл сайын 150 мың гектарға дейін кеңейтуді тапсырып отыр. Осы тұрғыда, облыста су үнемдеу технологияларын жаңадан 17 мың гектарға ендірілді. Технологияның қол жетімділігін арттыру үшін, 3 жергілікті зауыт іске қосылды. Мемлекет тарапынан су үнемдеу технологияларын ендіру шығыстарының 80 пайызын субсидиялау жүргізуде.
Бұл салаға жаңа технологияларды ендіруге басымдық берілген. Биыл ағын сусуды, энергияны, еңбек ресурстары мен минералды тыңайтқыштарды үнемдей отырып, жаңа технологиямен 2 мың гектарға егілген мақта дақылы 60 центнерден өнім алуға мүмкіндік беріп отыр. Бұл облыстың орташа көрсеткішінен 2,5 есеге жоғары. «ҚазАгроҚаржы» Акционерлік қоғамының жылдық 5 пайыздық қол жетімді лизингтік бағдарламаcы іске қосылды. Нәтижесінде, 9 айда жаңадан 1 603 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынып, облыстағы техникалар паркі 6,3 пайызға жаңаланды. Бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.
Өңірдегі су нысандарының құрылысын «Ислам даму банкі» арқылы қаржысын тарту есебінен жүргізу келісілді. Бірінші кезеңге құны 73,6 млрд. теңгеге 14 жоба қаржыландырылады. Құрылыс жұмыстары 2025 жылы басталады. Нәтижесінде, 166 шақырым канал бетонмен қапталып, 53,3 мың гектар суармалы жерге су жеткізетін болады. Екінші кезеңге 2025 жылға 23 нысанға жобалық сметалық құжаттамалар әзірленуде. Жобалардың болжамды құны 120 млрд. теңгені құрайды. Сонымен қатар коммуналдық меншіктегі 11 су нысанын «Қазсушар» республикалық мекемесі теңгеріміне беру арқылы «Ислам даму банкімен» қаржыландырылады. Нәтижесінде, 151 шақырым канал бетонмен қапталып, 78,7 мың гектар ағын сумен қамтамасыз етіледі.
Әлемді қазірде табиғатты қорғау, сақтау мәселесі көбірек алаңдатады. Бұл үрей кейінгі кездері айтып келмейтін апаттардың жиілеуімен күшейді. Сәйкесінше, экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған кешенді шаралар бекітіліп, жүзеге асырылып жатыр. Елімізде де қолға алынған жоба, бағдарлама аз […]
Бүгін Түркістандағы облыстық жастар ресурстық орталығында «Ұлағатты ұрпақ» жобасы аясында республикалық «Айқын» газетінің бас редакторы Нұрмұхамед Байғараевпен кездесу өтті. Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырған кездесуде Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік университетінің журналистика […]
Түркістан облысынының орталығы Түркістан қаласы мәдениет пен туризмнің орталығына айналып келеді. Ресми мәліметтерге сүйенсек, жыл басынан бері өңірге жалпы 500 мыңға жуық адам келген. Бұл көрсеткішті өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда қалаға келушілердің саны 104,0%-ға өскенін […]
Пікір қалдыру