Түркістанда «Қала күні» аясында тұрғындар арасында шахматтан жарыс ұйымдастырылды. Облыстық “Farab” әмбебап ғылыми кітапханасында өткен сайысқа 50-ге тарта түркістандық қатысты.
Интеллектуалды ойында ең жас қатысушысы 6 жаста болса, жасы жетпістен асқан қария да сайысқа қатысуға ниет білдірді.
Бұл сайысқа қатысқан ардагерлер мен жастар, шахмат ойы арқылы бір-бірімен тәжірибе алмасып, интеллектуалды ойынды дамыту мен насихаттау мақсатында сынға түсті. Сайыс барысында қатысушылардың арасында тәжірибе мен білімнің алмасуы, жастардың зияткерлік ойында ардагерлерден үйренуі, спортқа деген қызығушылықты арттыру, сондай-ақ, жас дарындарға қолдау көрсету көзделген.
Жарысқа қатысқан зейнеткерлер мен жас шахматшылардың жүздерінен байқалған қуаныш пен қызығушылық, осы сайыстың маңыздылығын айқын көрсетті. Ардагерлер, өз кезегінде, жастарға рух беріп, шахматтың тереңіне бойлап, өздерін танытуға мүмкіндік алды. Сайыс барысында әрбір қатысушы өз шеберліктерін көрсетіп, қызықты сәттерді қамтамасыз етті. Шахмат ойындарының негізінде жатқан ой мен тактика, қатысушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының» ұйымдастыруымен өткен додада шахматшылар 9 тур бойынша бақ сынады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қала әкімінің алғыс хаты мен арнайы сыйлықтар табысталды.
Жарыстың соңында ардагерлер, ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, жастарға баталарын жеткізді. Олардың тілектері мен ізгі ниеттері, жастарға рухани демеу болып, шахматтың тек ойын емес, сонымен қатар, өмірдегі қиындықтарға қарсы тұру мен табандылықтың символы екенін атап өтті.
Шахмат сайысы, тек бәсекелестік ғана емес, сонымен қатар, достық, түсіністік және ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту алаңы болды. Осындай шаралар, жастарға зияткерлік ойындарға қызығушылық танытуға, ардагерлерге болса, өмірлік тәжірибесін бөлісуге мүмкіндік береді. Түркістан қаласындағы осындай шаралардың жиі өткізілуі, жастардың болашағына зор үлес қосатыны сөзсіз.
Шахмат — бұл тек ойын емес, ол логика, стратегия және ойлау қабілетін дамыту құралы. Түркістанда өткізілген осындай сайыстар, жастардың интеллектуалдық деңгейін көтеруге және болашақта үздік шахматшылардың шығуына ықпал етеді. Спорттық жарыстар арқылы жастарды ынталандыру, оларға қолдау көрсету, ардагерлердің тәжірибесін пайдалану, еліміздің зияткерлік әлеуетін дамытуға зор үлес қосады.
Қала аумағындағы санитарлық тазалықты, атқарылған жұмыстарды қадағалау мен тексеру арнайы құрылған жұмысшы топқа жүктелді. Бұл бойынша қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен арнайы мәжіліс өтіп, жұмысшы топ міндеттері таныстырылды. — Жауаптылар бекітілді, аймақтар белгіленді. Аптасына бір […]
27 қазан күні «Turkistan Marathon» шарасының өтуіне байланысты, таңғы сағат 7:30-дан 14:20-ға дейін марафон қашықтығы өтетін жерлерде жол қозғалысы ішінара жабылады. Түркістанның әдемі тарихи орындарында 3000 адам жүгіреді. Сөре мен мәре visit Center Turkistan маңында […]
Өткен жылы Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнім көлемі 370 миллиард теңгені құраған. Бұл жайлы облыс әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді. 2021 жылмен салыстырғанда, руһани астанада жалпы өңірлік өнім көлемі 38 пайызға артқан. Биылғы жылдың 4 айында […]
Пікір қалдыру