Мереке қарсаңында заманауи үлгідегі көпфункционалды ашық аспан астындағы амфитеатрдың ашылуына орай, қала әкімі, зиялы қауым өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары шаһардағы белсенді жастармен кездесті.
Жиында сөз алған қала басшылығы жастардың үлкен күш екенін атап өтті. Дегенмен соңғы уақытта жастар арасында алаяқтық пен құқықбұзушылық көрсеткіштерінің әлі де көңіл көншітпейтінін, ал шындығында жастарды шыңдайтын тәрбиенің төресі еңбек екенін айтты. Тау қопарып, тас жаратын қайратты жастар мемлекеттің келешегі екенін жеткізді.
Шарада облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов пен мәдениет саласының ардагері Ұлжалғас Мұстафаева сөз сөйлеп, бүгіннің заманның басты талабы білім екенін атап өтіп, дарынды жастарды қолдауды арттыру қажеттігін, ал жастарда сол қолдауға лайықты талпыныс болу керектігін жеткізді.
Алқалы жиында Түркістандағы «Меймандостық және туризм университетінің» алғашқы түлектерінің бірі Гүлім Қалдаяқ туризм саласындағы жастардың рөлі туралы ойын айтса, белсенді мобилограф Бақжан Мырзақұл жастар орталығында замандастарына мобилография шеберлігін үйретуге ниетті екенін жеткізді. «Н.Назарбаев зияткерлік мектебінің» мұғалімі Бақытжан Дүкенбай қала жастары атынан алғысын айтып, жастар орталығы жас буынды шыңдайтын қара шаңыраққа айнала берсін деген жылы лебізін білдірді. Жиын соңында әкім жастармен естелік суретке түсті.
Жалпы Түркістан қаласында 71486 жас бар. Оның 10574-і жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттер үлесінде. Орта арнаулы оқу орындарында 6743 студент білім алады.
Түркістан қаласында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, мемлекеттік кірістер, білім саласы және салық органдарының өкілдері қатысты. Күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралып, қала дамуындағы […]
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы жеке қабылдауға жазылған бірнеше қала тұрғындарын қабылдап, олардың мәселелерін тыңдады. Келушілердің басым көпшілігі әлеуметтік проблемаларды көтеріп, үй алу, жұмысқа орналасу, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) рәсімдеу, қоғамдық көліктердің жүру бағыттарын өзгерту […]
Түркістан қаласының қоғамдық көліктерінде жолаушылар енді AlemPay төлем карталарын пайдалана алады. Бұл жаңашылдық күннен-күнге көркейіп келе жатқан рухани астанамыздың тұрғындары мен қонақтары үшін жол жүруді барынша жеңілдетуге бағытталған. Енді оқушылар жолақысын 35 теңгеден төлеп, айтарлықтай […]
Пікір қалдыру