Облыс орталығында «Жазғы самал әуендері» іс-шарасы басталды. Концерттік бағдарлама Отырар тұрғын алабындағы «Жібек жолы» саябағында өтті. «Түркі әлемінің туристік астанасы» атанған тарихи шаһарда осы бағыттағы мәдени шаралар алдағы уақытта әр секторда кешкі уақытта жалғасады деп жоспарлануда.
Мәдени шарада Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары әсем дауыспен талғампаз тыңдарманды қуанышқа бөледі. Қазақтың ұлттық аспаптары мен эстрадалық бағыттағы, сонымен қатар патриоттық жанрдағы әндер шырқалды. «Яссы» би ансамблінің бишілері би билеп, кештің көркін аша түсті.
Түркістанға саяхатшылар, туристер мен мәдениет сүйер қауымның қызығушылығы зор. Ұйымдастырушылар «Жазғы самал әуендері» қалада дәстүрлі шараға айналып, халықты өнер мен музыкаға бұдан да көп тартады деп сенеді. Жібек жолы саябағында әр кеш сайын мерекелік атмосфераны сезініп, музыка тыңдады.
Ұлттық нақышта әсем киінген әншілер барын салып өнер көрсетті. Мұндай мәдени шаралар қала тұрғындарына таңсық емес. Дегенмен, рухани астана Түркістанға алғаш табаны тиген туристер мен қала қонақтары қуанып тарқасты. Ұлттық өнерді дәріптеуден бөлек түрлі жанрдағы өнерпаздар скрипкада құйқылжыта әлемдік классикалық шығармаларды да орындады.
Табиғаты тамылжыған тамыз айындағы бұл бастамаға шаһар тұрғындарының да қызығушылығы жоғары. Қала тұрғындары мен қонақтары ашық аспан астындағы мерекелік кештен ерекше әсер алып қайтты. Ашық аспан астында ән тыңдауға тағы келетіндерін айтып, жылы лебіздерін білдірді.
Түркістан қаласында Қазбек би көшесі мен Жарылқапов көшелері арасындағы жол күрделі жөндеу жүмыстары жүргізіліп жатыр. 2024 жылға арналған жоспар бойынша, қалада 47,1 шақырымды құрайтын 45 көшеге орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 41,7 шақырымдық 40 […]
Түркістан қаласында орналасқан ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының №5574 әскери бөлімінде қызмет етіп жүрген қатардағы жауынгер Шахбоз Сатыбалдиев – өзгелерден ерек. Ол тек әскери тәртіп пен жауынгерлік дайындықты ғана емес, сонымен қатар алты тілді еркін меңгерген […]
Облыс әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің көшпелі отырысы өтті. Онда елдің аумақтық-кеңістікті дамуының болжамды схемасын әзірлеу мен іске асыру, сондай-ақ индустрияландыру және жаңа технологияларды енгізу аясында […]
Пікір қалдыру