2024 жылдың 12-13 қазан күндері Түркістан қаласында ауыл спортын дамытуға арналған «AUYL SPORT – 2024» Түркістан облысының ауыл балалары арасындағы өңірлік лигасы өтеді. Бұл жоба «HALYK» қайырымдылық қорының бастамасымен ауыл балалары мен жасөспірімдерін қолдау мақсатында жүзеге асырылып отыр. Өңірлік лигалардың ұйымдастыру жұмыстарына жергілікті облыс әкімдіктері серіктестік танытты.
Жоба аясында балалар бокс, еркін күрес, каратэ, баскетбол, волейбол, шахмат спорт түрлері бойынша сынға түсті.
«AUYL SPORT» жобасы жөнінде «Халық» қайырымдылық қорының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Ғалымбек Жақсылықовтың пікірі: Қазіргі таңда Олимпиадаларда, әлемдік чемпионаттарда, өзге де халықаралық додаларда жеңімпаз, жүлдегер атанып жүрген даңқты спортшыларымыздың басым бөлігі ауылдан шыққан. Кешегі балалар бүгінде ел намысын түрлі ареналарда адал қорғап жүр. Сондықтан, ауыл балаларын қолдауға спортқа бейімдеуге басымдық беруіміз керек. «Halyk» қайырымдылық қоры ауыл футбол жобасын қолдау барысында кездескен мәселелерді назарға ала отырып және ауылдық елді мекендерде футбол ғана емес басқа да спорт түрлерін дамытуға үлес қосу үшін « AUYL SPORT» жобасын қолға алды. Жоба аясында еліміздің барлық өңірінен 6 спорт түрі бойынша 12 мыңға жуық ауыл баласын қамту көзделген.
Түркістандағы «Рәміздер» алаңында 25 қазан – Республика күніне арналған Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті. Алдымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні шырқалып, Көк байрақ желбіреді. Салтанатты жиынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, ел ағалары, жастар, қала тұрғындары […]
ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында түркістандық жас мемлекеттік қызметкерлері мен қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының арнайы кездесу жиыны өтті. Жиында Түркістан қаласының әкімі өзінің мемлекеттік қызметтегі тәжірибесімен бөлісіп, жас қызметкерлердің сауалдарына жауап берді. Бүгінгі таңда […]
үркістанда әлеуметтік және экологиялық маңызы зор жобаның ашылуы жақын арада жоспарланып отыр. Бұл бастама қала тұрғындары мен қонақтарына табиғатпен тығыз байланыста болуға мүмкіндік беретін заманауи инфрақұрылымды қамтитын үлкен шара болып табылады. Ботаникалық бақ қала тұрғындары […]
Пікір қалдыру