2024 жылдың 12-13 қазан күндері Түркістан қаласында ауыл спортын дамытуға арналған «AUYL SPORT – 2024» Түркістан облысының ауыл балалары арасындағы өңірлік лигасы өтеді. Бұл жоба «HALYK» қайырымдылық қорының бастамасымен ауыл балалары мен жасөспірімдерін қолдау мақсатында жүзеге асырылып отыр. Өңірлік лигалардың ұйымдастыру жұмыстарына жергілікті облыс әкімдіктері серіктестік танытты.
Жоба аясында балалар бокс, еркін күрес, каратэ, баскетбол, волейбол, шахмат спорт түрлері бойынша сынға түсті.
«AUYL SPORT» жобасы жөнінде «Халық» қайырымдылық қорының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Ғалымбек Жақсылықовтың пікірі: Қазіргі таңда Олимпиадаларда, әлемдік чемпионаттарда, өзге де халықаралық додаларда жеңімпаз, жүлдегер атанып жүрген даңқты спортшыларымыздың басым бөлігі ауылдан шыққан. Кешегі балалар бүгінде ел намысын түрлі ареналарда адал қорғап жүр. Сондықтан, ауыл балаларын қолдауға спортқа бейімдеуге басымдық беруіміз керек. «Halyk» қайырымдылық қоры ауыл футбол жобасын қолдау барысында кездескен мәселелерді назарға ала отырып және ауылдық елді мекендерде футбол ғана емес басқа да спорт түрлерін дамытуға үлес қосу үшін « AUYL SPORT» жобасын қолға алды. Жоба аясында еліміздің барлық өңірінен 6 спорт түрі бойынша 12 мыңға жуық ауыл баласын қамту көзделген.
Бұл сайыс бұынғысынан өзгерек. Ерекше форматта шахмат сайысы өтті. Интеллектуалды ойында қалалық «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығынан» қызмет алушы зейнеткерлер мен қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының» жас шахматшылары шаршы тақтада сынға түсті. Шахмат сайысының […]
Абырой болғанда, өрт салдарынан қаза болғандар жоқ — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Тілсіз жаудың шығуына газ цистернасының жарылуы себеп болған, дейді облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысы Нұрғали Жүнісов. Түркістан облыстық ТЖД бастығының айтуынша, […]
Бүгінде Рухани астанамыздың көркейіп гүлденуіне күллі қазақ елі атсалысып отыр. Ал, өңір тұрғындары шаһардың тазалығы үшін қол ұшын беруде. Түркістан қаласында кезекті сенбілік өтті. Айта кетейік, тазалық шарасына облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары мен қызметкерлері, […]
Пікір қалдыру