Түркістан қаласындағы теннис кортында «Turkistan Open 12 & under» республикалық ашық турнирі басталды. Үлкен теннистен ұйымдастырылған спорттық додаға еліміздің бірқатар өңірлерінен іріктелген 76 спортшы қатысып, апта бойында өзара мықтыларын анықтайды.
Теннис спортын облыс көлемінде дамыту мақсатында өтіп жатқан жарыстың салтанатты ашылу рәсімі де жоғары деңгейде өтті. Іс-шарада сөз алған Түркістан облысының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы генерал Болат Қалмұрзаев, Түркістан облысының сотының төрағасы Айдос Сұлтанов, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев жарысқа қатысушы спортшыларды құттықтап, баршасына сәттілік тіледі.
Теннис спортының негізгі екі турі бар: үлкен және стол теннисі. Теннис ойынын кейде «қалақшамен билеу» деп те атайды. Теннис спортынан өткен алғашқы ең үлкен Халықаралық жарыс Англияның Уимблдон қаласында 1877 жылы өткізілді. Жиырмасыншы ғасырдың ортасында жылдардан бергі уақытта спорттың аталмыш түрі Қазақстанда дамып, тамырын тереңге жібере бастаған. Қазақcтан тәуелсіздікке қол жеткізген тұста қазақстандықтар арасында теннис қалақшасын сауатты меңгерген спортшылар некен-саяқ еді. Қазіргі таңда спорттың бұл түріне қызығушылар саны күн санап артып келе жатқаны көңіл қуантады. Теннис спорты спортшыны жылдамдылық пен тәуекелділікке тәрбиелейтін ерекше ойын. Сондай-ақ дене бітімінің барлық бөлігі шынығады.
Жарысқа қатысушы командалар қатарында Ақтөбе облысы, Алматы, Астана, Шымкент, Қостанай облысы , Атырау облысы, Талдықорған, Көкшетау, Түркістан облысының құрамалары бар.
Қазіргі таңда бір мемлекетті өзгелерден айшықтайтын жетістігі тек қана әлеуметтік-экономикалық дамуымен ғана өлшенбейді, сондай-ақ сол елдегі тұрақтылық, қауіпсіздік пен тыныштықпен де өлшенеді. Түркістан қаласына келуші қонақтар мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шаһарда 25 туристік […]
Қазіргі таңда «Жасыл Түркістан» мекемесінің ұжымы мен жұмысшыларының күшімен 4633 түп ағаш көшеті отырғызылды. Бұл көшеттер қаладағы Абылай хан сквері, Балтакөл тас жолы бойы, Отырар мөлтек ауданы, Орталық мешіт маңы және Цифрализация сияқты орындарда егілді. […]
Халықаралық «Voice of Turan-2024» қазақ әндері фестивалінің жеребе тастау рәсімі өтті. Этноауыл кешеніндегі киіз үйде қазақ салт-дәстүр көріністері көрсетіліп, ұлттық дәм ұсынылды. Содан соң қоржынға арнайы жасырылған реттік нөмірлерді алып, өз кезектерін анықтады. Республика күніне […]
Пікір қалдыру