Қазіргі таңда бір мемлекетті өзгелерден айшықтайтын жетістігі тек қана әлеуметтік-экономикалық дамуымен ғана өлшенбейді, сондай-ақ сол елдегі тұрақтылық, қауіпсіздік пен тыныштықпен де өлшенеді.
Түркістан қаласына келуші қонақтар мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шаһарда 25 туристік полиция қызметкері жұмыс істейді. Оларға арнайы нысанды киім, құрал-жабдықтар мен қажетті техникалар берілген.
Туристік тәртіп сақшылары – Қ.А.Ясауи кесенесі, Керуен сарай кешені, Президент саябағы аумағын сағат 08:00-ден 24:00-ге дейін екі ауысыммен бақылап, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алады. Көмек қажет болған жағдайда жәрдем етеді.
Туристік полицияның қызметіне соңғы бір айда 650-ден астам азамат жүгінген. Мамандардың айтуынша, туристер мен қонақтар «Түркістанда қандай қонақ үйге тоқтауға болады?», «Көші-қон полициясы қайда орналасқан?» және бір нүктеден екінші нүктеге қалай жетуге болатыны жайындағы сұрақтармен жиі келеді.
Қызметкерлер – жедел әрекетке дайын жас мамандар. Қазақ, орыс, түрік, қытай, ағылшын тілдерін және қала тарихын жетік меңгерген.
Президент айтқандай қылмыспен күрес шаралары Түркістан қаласында да жоғары деңгейде атқарылып келеді. Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген он жобаның бірі – «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы. Мұндай жоба Түркістан қаласында да жүзеге асырылып келеді және шаһарда «Қауіпсіз қала» жобасы аясында қолға алынған жұмыстар нәтижесіз емес. Бұл бағытта, әсіресе, түркістандық полиция қызметкерлеріне жүктелген жауапкершілік аса зор. Себебі қауіпсіздік туралы сөз қозғалғанда, ең алдымен, қаланың тыныштығы мен қоғамдық тәртібін қадағалап жүрген тәртіп сақшыларына арқа сүйейтініміз анық.
Түркістан облыс орталығына айналғалы қаланың көркімен ғана емес, рухани істерімен ел назарын өзіне аударып, туристік орталыққа айналды. Күніне қала тұрғындарынан өзге түкпір-түкпірден ағылған туристер мен қала қонақтарының тыныштығы мен қауіпсіздігі Түркістан полициясының кіршіксіз қызметімен өлшенетіні жасырын емес. Қазақстан полициясы, қызмет көрсетудің «Сервистік» моделіне біртіңдеп көшіп жатқаны белгілі. Ол дегеніміз полиция тек қана жазалаушы орган емес, керісінше халыққа жақын болып, халықпен бірге, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу
«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестиваль аясында Түркістан қаласында өтетін Жетісай ауданының мәдениет күндері басталды. Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков пен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен Жетісай көшінің шымылдығы «Этноауыл» аумағында аудан суретшілері мен қолөнер шеберлерінің, […]
Түркістан қаласының Әкімшілік-іскерлік орталықтың көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында жол құрылысы жұмыстары қарқынды атқарылып жатыр. Атап айтқанда, 30, 32, 36 көшелерге жол салу жұмыстары жүргізілуде. Жол құрылысының сапасы облыс әкімі мен салаға жауапты басшылардың тұрақты қадағалауында […]
Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев апталық аппаратық мәжілісте қадап айтты. Қазір шаһардың тең жартысынан астам аумағында газ құбырлары жүргізіліп қойған. Құзырлы мекеме қызметкерлеріне халыққа көмірден гөрі, көгілдір отынды қолданған экологиялық әрі қаржы жағынан […]
Пікір қалдыру