Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Кемелұлы «Елімізді таза ұстау, көгалдандыру, абаттандыру – мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл — бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бірреттік науқан емес. Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Туған жерімізді таза ұстауымыз керек. Бұл – жалпыұлттық мәселе»- деп жұртшылықты тазалыққа үндеген еді.
Шымкент қаласының аудан аумақтарында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалық іс-шарасы өтуде. Абай ауданына қарасты Асар-2 шағын ауданында өткен экологиялық іс-шарға аудан тұрғындары, белсенді жастар, аудандық коммуналдық мекемесінің қызметкерлері, ардагерлер қатысты. Олар Таңшапағы көшесі бойын ретке келтіріп, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді.
Абай ауданы әкімдігі ұйымдастырған іс-шараның мақсаты – тұрғындарды тазалыққа шақыру, халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
– Елімізде тыныштық пен тұрақтылық сақталып, халқымыздың әл-ауқаты да жақсарып келеді. Ендігі жерде біздің қоғамның экологиялық мәдениеті де өсуі тиіс. Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы, міне, осы мақсатты көздейді. Сүйікті қаламызды таза ұстауға атсалысу – азаматтық борышымыз. Мұндай іс-шаралар көптеп ұйымдастырылса екен. Жалпы тазалық өзімізден басталады, – дейді Асар-2 шағынауданы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мұхамедәлі Баубеков.
Аудан аумағында әр сенбі сайын экологиялық акциясы өткізілуде. Бүгінгі іс-шараға 2 техника, 200-ден астам адам жұмылдырылды. Орталық Таңшапағы көшесінің бойы қоқыстан тазаланып, ретке келтірілді.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы тұрғындардың экологиялық мәдениетін көтеріп, жас ұрпақты қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үйретуді көздейді.
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» Шымкент қалалық филиалы “2-10-20” бағдарламасы бойынша өтінімдерді 18-30 мамыр аралығында қабылдайды. Қазір бағдарламаға қатысушылар санатына өзгерістер енгізілді. Бұл жөнінде Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғ. […]
Әл-Фараби ауданы аумағында күзгі тазалық жұмыстарының қарқынды жүргізілуі қала экологиясы мен тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады. ЖСШ «Таза Өлке» қызметкерлері осы бағытта белсенді жұмыс атқарып, қаланың көркін келтіру үшін күнделікті […]
Шымкенттік оқытушы республикалық байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды. Республикалық «Үздік сабақ — 2020» онлайн байқауында Шымкент қалалық Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының оқытушысы Айсұлу Оспанова жеңімпаз атанды. Байқауға еліміздің барлық өңірінен тілдерді оқыту орталықтарының әдіскерлері, жоғарғы оқу […]
Пікір қалдыру