Мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында құрылған келісім шарт негізінде аялдамаларды жууды қолайландыру мақсатында жаңа технологияның негізін қалаушы азаматтың мердігер мекеме басшылығымен кездесуі ұйымдастырылды.
Жаңа технология:
— уақыт үнемділігі
-жұмысшыларға қолайлы
-су шығыны үш есе аз қолданылады
-қаржылай тиімді және т.б пайдалы тұстары аталып өтті.
Жалпы қала аумағында 1886 аялдама бар. Павильондармен қамтамасыз етілгені – 1338, оның ескі үлгідегі аялдама саны – 500, ал жаңа үлгідегі аялдама – 838. Осыған байланысты, ағымдағы жылы қала аумағын толық аялдама павильонымен қамтамасыз ету үшін қажетті аймақтарға 398 аялдама орнату және 500 ескі аялдаманы жаңалау жоспарланды. 2024 жылдың ІІІ-ші тоқсанында 898 жаңа аялдама павильондарын орнату жұмыстарын бастау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, қаланың орталығында орналасқан 200 аялдамаға атауларын орнату жұмыстары іске асырылуда
Статистикаға сәйкес, Шымшаһар автокөліктің көбеюі жағынан елімізде көш бастап тұрған қалалардың бірі болып отыр. Осыған орай, соңғы жылдары қалада жол құрылысы бұрын соңды болмаған қарқынмен дамуда.
Шымкент қаласының полицейлері түзеу мекемелері әкімшілігінің өкілдерімен бірлесіп, қамаудағыларға арналған сәлемдемелер мен жеке жеткізілімдерді тексеру бойынша кезекті арнайы рейд өткізді. Іс-шара ҚР Ішкі істер министрлігінің тапсырмасы аясында ұйымдастырылып, есірткі қылмысының алдын алу және заңсыз айналымға […]
«Жұлдыз» индустриалды аймағында ірі инвестициялық жобаның бірінші кезеңі – керамикалық плиталар шығаратын зауыт іске қосылды. Ашылу салтанатына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «WAN SHENG CERAMIC» шетелдік компаниясының құрылтайшылары қатысты. Қала әкімі өз сөзінде ауқымды зауыт […]
Елорда күні қарсаңында Шымкент қаласында 9 инвестициялық өндіріс орны іске қосылды. Жобалардың жалпы құны 2,5 млрд теңгені құрайды. 140 адамды жұмыспен қамтыған өндіріс орындарының ашылуы онлайн форматта өтті. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ашылу салтанатына […]
Пікір қалдыру