Аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласының көшелерін электр жүйелерімен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын бақылады. Аймақ басшысы мердігер мекеме басшысына анықталған кемшіліктерді түзетіп, құрылысты сапалы әрі белгіленген уақытта аяқтауды тапсырды. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Андас-групп» ЖШС тарапынан 120 дана электр бағаналары орнатылуда.
Айта кетсек, қала тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы қаралып Созақ, Т.Көкебайұлы, М.Өскенұлы, Х.Саудашев, Р.Мұсабекұлы, Б.Мекенбаев, А.Мұсабек, Көктем, Алтын төбе көшелеріне 4 дана трансформатор қондырғысын орнатып, ұзындығы 11 шақырым электр желісін жүргізу қарастырылған. Аталған құрылыс жұмыстары аяқталған соң 623 абонент сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.
Түркістандағы Конгресс холл кешенінде «Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды. Оған облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге арналған іс-шараның тәрбиелік мәні мен маңызына тоқталды. – Отбасы – қоғамның іргетасы […]
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан өңіріне жұмыс сапарымен келген Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовпен кездесті. Жұмысшы топ облыс орталығында бой көтерген «Ұлы дала елі» мәдени кешенінің құрылыс барысымен танысты. Түркістан шаһарын түлету мақсатында еліміздің әрбір […]
Енді Түркістан өңірінің тұрғындары Ұлыбритания, Қатар, Оңтүстік Корея елдерінде заңды түрде жұмысқа орналаса алады. Бүгін өңірімізге арнайы келген Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Лич Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдымен кездескен болатын. Содан кейін БҰҰ Көші-қон агенттігінің […]
Пікір қалдыру