Түркістан қаласындағы теннис кортында «Turkistan Open 12 & under» республикалық ашық турнирі басталды. Үлкен теннистен ұйымдастырылған спорттық додаға еліміздің бірқатар өңірлерінен іріктелген 76 спортшы қатысып, апта бойында өзара мықтыларын анықтайды.
Теннис спортын облыс көлемінде дамыту мақсатында өтіп жатқан жарыстың салтанатты ашылу рәсімі де жоғары деңгейде өтті. Іс-шарада сөз алған Түркістан облысының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы генерал Болат Қалмұрзаев, Түркістан облысының сотының төрағасы Айдос Сұлтанов, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев жарысқа қатысушы спортшыларды құттықтап, баршасына сәттілік тіледі.
Теннис спортының негізгі екі турі бар: үлкен және стол теннисі. Теннис ойынын кейде «қалақшамен билеу» деп те атайды. Теннис спортынан өткен алғашқы ең үлкен Халықаралық жарыс Англияның Уимблдон қаласында 1877 жылы өткізілді. Жиырмасыншы ғасырдың ортасында жылдардан бергі уақытта спорттың аталмыш түрі Қазақстанда дамып, тамырын тереңге жібере бастаған. Қазақcтан тәуелсіздікке қол жеткізген тұста қазақстандықтар арасында теннис қалақшасын сауатты меңгерген спортшылар некен-саяқ еді. Қазіргі таңда спорттың бұл түріне қызығушылар саны күн санап артып келе жатқаны көңіл қуантады. Теннис спорты спортшыны жылдамдылық пен тәуекелділікке тәрбиелейтін ерекше ойын. Сондай-ақ дене бітімінің барлық бөлігі шынығады.
Жарысқа қатысушы командалар қатарында Ақтөбе облысы, Алматы, Астана, Шымкент, Қостанай облысы , Атырау облысы, Талдықорған, Көкшетау, Түркістан облысының құрамалары бар.
Бүгінде Түркістан тек елімізде ғана емес, алыс-жақын шетелге танылып үлгерді. Түркі елдері үшін мәдени және рухани өмірі ортақ болған қасиетті шаһардың мәртебесі асқақтай түсті. Өйткені Түркістанның жаңа кезеңге қадам басуы, қайта жаңғыруы тағы бір тынысын […]
Түркістан қаласында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, мемлекеттік кірістер, білім саласы және салық органдарының өкілдері қатысты. Күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралып, қала дамуындағы […]
Халықаралық қарттар күніне орай, өскелең ұрпақтың бойына қазақтың шешендік сөз өнерінің бірі бата-тілек сөздерін сіңіру, ата – бабамыздан қалған ұлттық мұрамыз бен сөз өнерін жаңғырту, жас ұрпақтың зерделі болып өсіп, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында […]
Пікір қалдыру