Халықаралық қарттар күніне орай, өскелең ұрпақтың бойына қазақтың шешендік сөз өнерінің бірі бата-тілек сөздерін сіңіру, ата – бабамыздан қалған ұлттық мұрамыз бен сөз өнерін жаңғырту, жас ұрпақтың зерделі болып өсіп, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында «Қыдыр дарып, бақ қонсын» атты қариялар арасында бата – тілек айту фестивалі өтті. Фестивальдің ережесі мен шартына сәйкес сайысқа қатысуға 7 үміткер аталарымыз өтінім білдірген.
Ата – бабамыздан қалған ұлттық мұрамыз бен сөз өнерін жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған фестивалге қазылар алқасының құрамы бекітілді. Олар Құлбайымбетов Жарқынбек — Түркістан қаласының Құрметті азаматы, Білім саласының Құрметті зейнеткері, Қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Исмолдаев Шора Исмолдаұлы — Түркістан қаласының Құрметті азаматы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Медицина саласының үздік ардагері, Қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі
Этноауыл аумағында ұйымдастырылған «Қыдыр дарып, бақ қонсын» бата – тілек айту фестивалінде аталарымыз әр түрлі бата түрлерін (ас батасы, балаға арналған бата, екі жасқа арналаған бата, тілек батасы, өсиет батасы, алғыс батасы, дастархан батасы т.б) жатқа айтып, өнерлерін көрсетті.
Бірінен-бірі оза шапқан аталарымыздың өнерін арнайы тағайындалған қазылар алқасы құрамы саралап, бағалады.
Қазылардың шешімімен:
— Бірлік секторынан — Бейсенбайұлы Тәліп — Бас жүлде;
— Отырар секторынан — Өтегенов Қалдыбек Маханұлы — І орын.
— Ал үш бірдей ІІ орынды Сауран секторынан — Сағынбаев Тахир Аділханұлы, Бекзат секторынан -Қошқарбаев Полатхан Ермаханұлы, Шауғар секторынан- Сыздықов Берікхан Арысбекұлы аталарымыз алса,
— Қос ІІІ орынға Бекзат секторынан Алкеев Оралбай ата мен Сауран секторынан Айтжанов Жұматай Жолдасханұлы иеленді.
Халықаралық қарттар күніне орай «Қыдыр дарып, бақ қонсын» бата – тілек айту фестивалі өз мәресіне жетіп, барлық жүлдегерлер қаржылай сияпатпен және қала әкімінің дипломымен марапатталды. Өнерлі аталарымызды бағалаған қазылар алқасының құрамы да марапатталды.
Этноауылда өткен байқауды тамашалауға қала тұрғындары, әжелер алқасының мүшелері мен қаламыздың зиялы қауым өкілдері қатысты.
Сайысқа келген қатысушылар мен көрермендер алғыстарын білдіріп, көтеріңкі көңіл күймен тарасты.
Грекия елінің Корфу қаласында 10-14 қазан күндері ересектер арасында гір тасын көтеру спортынан әлем чемпионаты өтті. Жаһандық додада Түркістан облысының саңлақтары 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль қанжығалады. Жұлқи көтеру әдісінде 63 келіде […]
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс орталығындағы құрылыс нысандарын кезекті рет аралады- деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі. Өңір басшысы алдымен «Белсенді демалыс саябағы» нысанының құрылыс барысымен танысты. Жауаптылар мен мердігерлерге жұмысты сапалы атқаруды тапсырды. – […]
Түркістан қаласында толық реконструкциядан өткен «Парасат» саябағы көпшілікке есігін айқара ашты. Салтанатты шара қала тұрғындары мен қонақтарының қатысуымен мерекелік көңіл-күйде өтті. Жаңарған демалыс орнының ашылу рәсіміне арнайы қатысқан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров көпшілікті қуанышты […]
Пікір қалдыру