Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс орталығындағы құрылыс нысандарын кезекті рет аралады- деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.
Өңір басшысы алдымен «Белсенді демалыс саябағы» нысанының құрылыс барысымен танысты. Жауаптылар мен мердігерлерге жұмысты сапалы атқаруды тапсырды.
– Әлеуметтік нысан болсын, демалыс орны болсын бәрі халықтың қаражатына салынатындықтан үлкен жауапкершілікпен жұмыс істеу керек. Жүйелі жұмыс атқарыңыздар. Бөлінген қаржы тиімді жұмсалып, құрылыс талапқа сай болуы қажет,– деді Дархан Сатыбалды.
«Белсенді демалыс саябағы» нысанының құрылысын «Компания өнім» ЖШС жүргізіп жатыр. Саябақтың жалпы аумағы – 10,5 гектар. Қатты жабын аумағы 42776,96 шаршы метр болса, көгалдандыру алаңы – 61891,78 шаршы метр. Мұнда тропикалық өсімдіктері бар жылыжай, сахна, трибуна, 2 субұрқақ, ойын алаңы, 2 скейтбординг және шатырлар салынады. Сонымен қатар саябақта түрлі ағаштар, бұталар, гүлдер егіліп, көгалдар төселуде.
Облыс әкімі одан кейін Түркістандағы оңалту орталығының құрылысын қадағалады. Тапсырыс беруші – «TURKISTAN INTERNATIONAL AIRPORT» ЖШС. Жобалаушы – «NKY Architects & Engineers KZ» ЖШС. Оңалту орталығына тиесілі жер телімінің алаңы – 1,56 гектар. Ғимараттың жалпы алаңы – 2 227,41 м2. Нысан аумағының 5507 шаршы метрі көгалдандырылса, 2012 шаршы метріне балалар ойын алаңы салынбақ.
Жауапты басшылармен және мердігерлермен кездескен облыс әкімі бұл нысанның маңызына тоқталды. Тиісті ұсыныстарды тыңдап, жұмысты уақтылы атқару керектігін ескертті.
Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ — домбыра. Ұлттық аспапты ұлықтап, арнайы мернекелік күнтізбеден домбыра күні деп белгіленгені де белгілі. Осыған орай Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Тұран даласының күйлері» күйшілер байқауы өтті. Шараға қала […]
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында 2023-2025 жылдары 63 жаңа мектеп бой көтереді. Келешекте онда 49 мың бала білім алады. Салынып жатқан мектептердің саны әр өңірдің қажеттілігін әрі демографиялық ахуалын ескере отырып анықталған. Сондықтан […]
Түркістан – тек тарихи және рухани орталық қана емес, сонымен қатар білім мен балалардың бос уақытын тиімді өткізу саласы бойынша қарқынды дамып келе жатқан қала. Жыл сайын мұнда балалардың жан-жақты дамуына арналған жаңа мүмкіндіктер пайда […]
Пікір қалдыру