Биыл аудан аумағындағы елдімекендерде 18 шақырымды құрайтын 43 көшеге ирригациялық арық орнату жоспарланған, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Атап айтсақ:
– Түркістан шағын ауданындағы Беткей көшесі (Беткей-Жүсіпов көшесі аралығы);
– Самал-1 шағын ауданындағы Қазиев көшесі (Б.Нұрлыбеков көшесі аралығы);
– Орталық аумақтағы 8-шағын ауданы Мамытов, Кентау көшелері, Б. Момышұлы көшесіндегі № 19 көп қабатты үй аумағы, Круговой, Рысқұлов және Орманов көшелері аралығы және Рысқұлбеков № 50 «А» көпқабатты үй аумағы;
– 112 орамдағы Шынар, Сарыағаш, Ахметов және Искра көшелері;
– Наурыз шағын ауданындағы Ж. Тұяқбаев көшесі;
– Ақжар елді мекеніндегі Тәуелсіздік, Құттыкөл, Ағынсай көшелері;
– Ақтас елді мекеніндегі Жылтыр, Деркөл, Сұлушаш көшелері.
Сонымен қатар, Қазығұрт елді мекеніндегі Оңдасынов, Түркістан, Жастар, Талдыкөл, Қаратас, Отырар, Мақталы, атауы жоқ 2 көше, ал Құрсай елді мекеніндегі Ащысай, Күмістікөл, Сатқанбайұлы, Мамешов, Қосарал, Қайнарлы, Қостерек, Егіндікөл, Алтынасар, Алтынды, Таңатар, Ұзынағаш және Жылысай, Сарытау, Ақтекше, Ақойман көшелеріне ирригациялық жүйелер жүргізіледі.
Бүгін еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкент қаласындағы «Достық үйінде» «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» фестивалі өтті. Жергілікті қолөнер шеберлері мен дизайнерлер дайындаған ұлттық киімдер мен зергерлік бұйымдардың көрмесі мен этно стильдік және заманауи сәндік киім […]
Шымкент қаласында халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда. Бұл бастама ел көлемінде жүргізіліп жатқан ауқымды экологиялық саясаттың маңызды бір бөлігі болып табылады. […]
Қалада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мақсатында 2025 жылға дейін 28 мың орындық 18 мектептің құрылысын салу жоспарлануда. Биыл 17 300 орындық 12 ғимаратты салуға республикалық бюджеттен тиісті қаражат қаралған. Ал, 10 700 орындық […]
Пікір қалдыру