Түркістан облысында биыл 50-ден астам мектеп бой көтереді — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасө зқызметі.
Алдағы уақытта облыста бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жалғасады. Бүгінгі таңда облыстағы 133 жекеменшік мектепте 34 362 астам оқушы білім алуда. Қысқа уақыттың ішінде өңіріміздегі жекеменшік мектептер желісінің артуы – мектеп тапшылығын қысқартуға үлкен үлесін қосуда.
Бүгін Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылында Әбілқайыр Оспанов атындағы «SEA BILIM» жалпы орта мектеп пайдалануға берілді. Айтулы білім ордасының ашылу салтанатына ел ақсақалдары, ұстаздар мен оқушылар және ата-аналар қатысты.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды көпшілікті қуанышты сәтпен құттықтап, оқушылар мен ұстаздарға сәттілік тіледі.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Біз өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек» дей келе білім сапасын жақсарту, ұстаздар мен оқушыларға қолдау көрсетуді тапсырды. Жекеменшік секторды білім саласына инвестиция салуға шақырды. Инвесторлар қаржысымен мектеп салуда Түркістан облысы көш басында тұр. Осы тапсырманы орындау мақсатында өңірде білім саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның бір дәлелі – бүгін Ордабасы ауданында жаңа мектептің ашылу салтанатының куәсі болып отырмыз. Баршаңызды қуанышты сәтпен құттықтаймын. Осы мектептен білімді, дарынды оқушылар шыға берсін! – деді Дархан Сатыбалды.
Салтанатты жиында мектептің лентасы қиылып, іс-шараға қатысушылар оқу кабинеттерін, асханасын, спорт зал мен кітапханасын аралады. Құрылысы былтыр басталып, тапсырылған 1350 орындық мектеп заманауи пән кабинеттерімен жабдықталып, оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдайлар жасалған.
Түркістан облысы, Ордабасы ауданында биыл 3 340 тонна алғашқы өнім жиналды. Көкөніс Қазақстанның басқа қалаларына да жеткізілуде. Ал, 250 тонна өнім Ресейге экспортталды. Ордабасы ауданында жылыжайлар саны артуда. Өткен жылы ауданда 20 га жылыжай іске […]
Елімізде пандемияға байланысты шектеу шаралары күшейтіліп, індеттің таралуына тосқауыл қою мақсатында биыл мешіттерде Құрбан айт намазы оқылмайды. ҚМДБ тарапынан «www.qurban2020.kz» сайты арқылы құрбандық онлайн жүйесі арқылы қабылданып, мұқтаж отбасыларға таратылады. Мұқтаж отбасылардың тізімдері мен […]
Төлеби аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Интернет‑алаяқтық: сақтан, сенбе, қорған» атты ақпараттық форум — заманауи сандық кеңістіктегі қылмыстарды алдын алу мен тұрғындардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды шара. Оған аудан әкімдігі, құқық қорғау […]
Пікір қалдыру