«Фараб» ғылыми- әмбебап кітапханасында Ер түріктің бесігі атанған, облыс орталығы Түркістанның Қала күні мерекесі аталып өтті. Кіре беріс фоэде «Яссы» халықтық этно фольклорлық ансамблі күмбірлеген күйлерден өнер көрсетіп, «Түркістан» тақырыбында фотосуреттер көрмелері мен түрлі қолөнер бұйымдары — ағаш, тоқыма, зергерлік, құм, жүннен және киізден жасалған бұйымдар мен кітап көрмелері ұйымдастырылды.
Шара шымылдығы Түркістанның кешегісі мен бүгіні жайлы бейнероликпен ашылып, әуезді әндер, қойылым-көрініс және мың бұралған бимен жалғасты. Қала әкімінің орынбасары Қырықбаев Мекенхан Қозыханұлы арнайы құттықтау сөз сойлеп, қалаға еңбегі сіңген бірнеше азаматтар мен азаматшаларға мерекелік марапат табыстады.
Сонымен қатар арнайы күзгі өнімдер мен дәнді дақылдар ұсынылып, «Белсенді ұзақ өмір» орталығының әжелері келген қонақтарға шашу шашты. Қазақтың ұлттық киім үлгілері мен ұлттық өнерімізді дәріптейтін қолөнер бұйымдарынан Дефиле сән өнері тарту етілді.
Қала күнін мерекелеуге арналған шараны қаламызға белгілі зиялы қауым өкілдері, халық қалаулылары, «Әжелер алқасының» ұжымы және әр сала қызметкерлері тамашалады.
Түркістан өңірінде құрылыс қарқыны бәсеңдеген емес. Әсіресе, облыс орталығында жұмыс қарқынды. Халық санының өсуіне байланысты және туристік орталыққа айналдыру бағытында тағы да маңызды жобалар жүзеге асады. Аталған жобалар облыс әкімдігінде өткен кезекті мәжілісте талқыланды. Түркістан […]
Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтіп, өңірдегі бірқатар маңызды мәселелер қаралды — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Жиында алғаш болып сөз алған Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев қаланың құрылысы, мемлекет қажеттілігіне […]
«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясындағы Түркістан қаласының мәдениет күндеріне орай, Түркістан «Халық театры» «САФ АЛТЫН АРЫСТАР» көрінісін сахналады. Сондай-ақ, мәдени шарада қала тұрғындары мен қонақтары арқан тарту, қазақша күрес, асық ату, ләңгі тебу, қошқар […]
Пікір қалдыру